Тағдыр - Алланың қолында, Алла тағала бізге тағдырымызды маңдайымызға жазып берген. Оны өзгерту қолымыздан келмейді, сағатты артқа бұра аласың, ал шын мәнісінде уақытты бұру, ертеңгі күнге қайта оралу мүмкін емес, сондықтан тағдыр деген кез келген адамның қолындағы ойыншық сағат емес. Кейде біздің тағдырымызда келеңсіз жайт болайын деп тұрғанда, таңдау жаса дейді, тағдырың өз қолыңда деп жатады. Ия таңдау жасайсың, бірақ сол таңдауыңды Жаратушы сенен бұрын жасап қойған.