0 дауыс
11.9k көрілді
"Отырардың күйреуі" өлеңінен үзінді керек еді 4 шумақ. Қайдан алуға болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұхтар Шаханов «Отырар»

Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл,

Сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
деп Шыңғысхан Шағатайға оқты көзiн қадады.

– Осы өкiнiш менi де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған
Болар, бәлкiм,
Алдырмай тұр зор қамал.
Бiрақ, әке, жүргенiм жоқ аянып,
Қанша үмiтiм желге ұшты,
Қанша әскерiм жер құшты.
Дала жатыр қызыл қанға боялып,
Егep бүкпей, баяндасам шындықты,
Рухы – өр,
Тәнi – бекем,
Бұл бip қайсар халық екен,
Tipлiктен де артық қойған бiрлiктi.

Жүрегiнде ыза табы қалмағандай бip мысқал:

– Шалалаусың, – деп жымиды Шыңғысхан. –
Қай кезде де айла кескен нарықты.
Жақын барып үңiлместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым, жеңiс тауына,
Адам аз ба күшке сенiп адасқан?
Жауың мықты.
Бұған, cipә, таласпан.
Әр мықтының осал жерi болмай ма?
Болса қайсы,
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ бар кез сенiң жүру керек басыңда,
Менiң күллi жеңiсiмнiң құпиясы – осында!

Көңiлiнен күрт cepпiлiп наласы,
– Ұқтым, әке, – деп жымиды баласы.
Қайдан алдың? Сілтемесін жіберші.
http://45minut.kz/?p=17104
...