–1 дауыс
850 көрілді
"Қазақстан білім қоғамы жолында" тақырыбына материалдар іздеймін? Жақынды болатын пікірталасқа қажет. Алдын ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс
Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақ­стан білім қоғамы жо­лын­да» атты интерактивтік дә­рі­сін­де еліміздің табысты алға жыл­жуын жалғастыру үшін бі­лім, ғылым, экономика және сая­сатта алда қандай жаңа мін­деттер тұрғаны туралы өзінің ой-толғамдарын бөлісті.
– 20 жылдық табысты жә­не тұрақты даму барысында Қа­­зақстан өзінің тарихи м
ақ­сат­тарына қол жеткізді. Біздің халқымыздың тарихында бі­рін­ші рет қазақ даласында аб­со­лют­ті халықаралық легитимдікті пайдаланатын мемлекет өмір­ге келді. Мойындалған мем­лекеттік егемендік – кез келген халықтың орасан әрі аса қымбат ресурсы екенін айту керек, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елі­міздің үш таған – «білім–ғы­лым–инновация» басқаратын пос­тиндустриялық әлемге қа­­дам басқанына тоқталды.  БҰҰ жа­нындағы халықаралық ұйым­дар, жетекші еуропалық көш­басшылар, көптеген белгілі эко­номистер мен саясаткерлер бү­гінде Үшінші индустриялық ре­во­люция тұжырымдамасын рес­­ми түрде қабылдады.
– Таяу жылдарда Үшінші индустриялық революция үшін жаңа инфрақұрылым құ­руда Интернет технология мен жа­ңар­тылған энергия көз­дері бірге пайдаланылады. «Энер­ге­ти­ка­лық Интернет» мил­лиондаған адамдарға өз үйінде, кеңседе және зауытта таза энергия алуға және оны еркін алмасуға мүм­кіндік туғызады, – деді Қа­зақ­стан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ұлт­тық білім жүйесін жаңарту, білім алу және жоғары технологияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
– Немқұрайды қарауға бол­майтын тағы бір құн­ды­лық – білімге ұмтылу. Әлем­дік сарапшылар білікті ма­ман­дар­дың жетіспейтінін болжауда. Бол­жамдарға сәйкес, 2020 жылға қа­рай әлемдік еңбек нарығында тағы да жоғары білімді 40 мил­лион жұмысшының және кәсіптік-техникалық білімі бар 45 миллион маманның  қа­жет­тілігі туындайды. Бүгінде ин­женерлерге, дәрігерлерге, хи­мик­терге, биологтерге, «нақ­ты» және «жаратылыстану кә­сіп­тері» бойынша ма­ман­дық иелеріне сұраныс басым. Жапония, Қытай, Оң­түс­тік Корея, Сингапур, Ма­лай­зия тәрізді елдерге қа­ра­ңыз­­даршы, олар өздерінің идея­сы мен технологиясын мең­герудегі шеберліктің, та­бан­дылық пен еңбектің ар­қасында табысқа жетуде. Сен­дердің білімдеріңнен ең­­бек­теріңнің нәтижесі көріне­ді. Сендер неғұрлым көп еңбектеніп, білімді өздігінен жетілдірсеңдер, соғұрлым дү­ниені тани түсесіңдер. Біз бі­лім­­ді мемлекеттің эко­но­ми­калық ресурсы, өндірістің факторы ретінде қарастырамыз. Біз ұлттық білім жүйесін дә­йек­тілікпен жаңғыртамыз, оны халықаралық стандарттарға жа­қындатамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан Президенті На­зар­баев Университетінің зият­керлік-инновациялық әлеуеті одан әрі арта түсуі қажеттігін атап көрсетті.
– Назарбаев Университеті зияткерлік-инновациялық клас­терге айналуы тиіс. Үкіметке халықаралық тәжірибені ес­ке­ре отырып, онда арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақ құру мәсе­лесін пысықтауды тап­сы­ра­мын. Индустриялық жо­ға­ры тех­нологиялық алаң құ­ру жө­нін­дегі жұ­мыс­ты жан­дан­дыру қажет. «Қа­за­том­п­ром» жә­не «Қазғарыш» ұлт­тық ком­паниялары бүгінде Уни­верситетпен бірлесіп, оның жанынан күн энергетикасы, ғарыштық технологиялар жөнінде ғылыми-өндірістік ор­та­­лықтар құруда. Үкіметке және «Самұрық-Қазына» қо­рына университеттің маңына жо­ғары технологиялық өн­діріс­тер мен ұлттық ком­па­ния­лардың салалық ғылыми-зерттеу институттарын ор­на­лас­тыру жөнінде нақты жос­пар әзірлеуді тапсырамын. Қа­зақстанда жұмыс істейтін ше­телдік компаниялар да бұл жобадан тыс қалмауға тиіс, –деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сөзі­нің соңында еліміздің жастарын жан-жақты болуға, спортпен шұғылдануға, өнерлі болуға, шетел тілдерін меңгеруге, отандық және әлемдік әдеби мұраны терең білуге шақырды.
Президенттің интерактивтік дәрісі Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен бірге Еуропаға, Азия мен Америкаға таратылды. Нұрсұлтан Назарбаев дәріс аяқталғаннан кейін еліміздің әр өңірі мен алыс шет елдердегі студенттер мен оқушылардың көптеген сауалына онлайн-режимінде жауап берді, сондай-ақ университет жанындағы Білім мектебін ашты.
Назарбаев Университеті Мемлекет басшысының бас­тамасы бойынша елімізде жо­ғары білікті кәсіби ма­ман­дар даярлау, сондай-ақ отандық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту жөніндегі таңдаулы оқу орны ретінде құрылды. Бүгінде оқу орны әлемнің ең үздік уни­верситеттерінің рейтингінен орын алған жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан.
Университетте даярлық ор­талығы, 18 мамандық бойынша ба­ка­лавриат бағдарламасын қам­титын үш мектеп, үш жоғары мектеп және 4 ғылыми орталық жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта уни­вер­ситетте 1477 студент білім алады.
...