0 дауыс
490 көрілді

Сәлеметсіздер ме, достар!  Мен осы сайтқа тіркелгелі 2 жылдай болып қалды.. Бірақ бір нәрсені әлі түсінбеймін. Мысалы бір адам  сұрақ қойса оның сұрағын көбісі " - " қояды немесе спам дейді.Неліктен олай? Ол сұрақ логикалық бола тұра оны түсінсе де түсінбеседе спамдай береді. Сонымен қоса дұрыс жазылған жауапқада  " - " спам қояды. Дұрыс жазылган жауапта не өші бар. Әлде жауап ұнамаса солай қоя береме ма? Неге олай? Әлде тек ерігіп қояма әлде кек алу үшінбе түсінбей қойдым. Және оларды бақылайтындар бар ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

nurikkz96, кез келген сұрақ пен жауапқа (+ )немесе ( - )қою әр қолданушының жеке құқы болғандықтан, белгілеу де тікелей сол қолданушының ақыл-ой өрісіне,IQ деңгейіне, мінез-құлқына( қызғаншақ,іштарлық,көреалмаушылық т.с.с.) байланысты.Бұл жерде сайт әкімшілігі  болмаса сайттың еш кінәсі жоқ,сайт қолданушыларының мәдениеті көтеріле келе бәрі жақсы жағына өзгереді деп сенеміз.

+1 дауыс
Жауап дұрыс айтылып тұрса дағы,шындық ащы болса,немесе оның жауабы өзінің ойындағыдай болмаса спам мен минус қояды.Спамды белгілеудің жөнді орны барма жоқпа бәрібір.Сосын көбі бір-біріне күндес болып алған.
меніңде ойым осы бірақ осыны доғару керек +1
0 дауыс

Иә оның рас. Jako ағам айтып кеткендей "(+ )немесе ( - ) қою сол қолданушының ақыл-ой өрісіне,IQ деңгейіне, мінез-құлқына( қызғаншақ,іштарлық,көреалмаушылық т.с.с.) байланысты".

Қазір сайт серверінің версиясы жаңарды. Сол себепті Админ кімнің плюс не минус, спам басқанын көре алады. Сол себепті мынадай жағдайлар орын алып жатса сол қолданушыға жаза қолданады!

Айта кетейін бұрын менде біреудің менен асып бара жатқанын көре алмай, қызғанып минустай беретінмін. Бір күні профиліме кірсем көөөөөп минус беріппін. Масқара!-деп жағамды ұстадым. Қолданушыларға қарай алмай ұялып сол күннен бастап минустауды ДОҒАРДЫМ!

Осы секілді сұрақты бұрын Юзер бауырым қойыпты: Осының бәрін кім істеп жүр?

0 дауыс
Әркімнің талғамы,мінезі әртүрлі.Не істейтінін өздері біледі.
кез келгені өзі біледі десек мұнда жауап жазғысы келмей кетеді бәрі минустай берсе. Менімше тек жауап бұрыс болғанның өзіндеде минус қоймау керек өйткені ол өз пікірін гана қалдырды. Минусты тек реклама жасағандарға қою керек деп ойлаймын...
...