0 дауыс
21.5k көрілді
Билер сөзі-нақыл көзі шығарма керек болып тұр?

2 жауап

0 дауыс
Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен - би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан - саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен - билердің) атынан айтады. Осындай әдеби - халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді. Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсіреп шешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т. б. деп атау қалыптасқан. Би атауы - әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.
0 дауыс
би шешендер сөз өнерін барлық өнерден жоғары санайды.Шешендер сөзі халқымыздың тілдік қазынасы.
...