Шымкент қаласында қазіргі таңда 10 шақты саябақ жұмыс істеп жатыр екен. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мырза айтып өтті. Орталық Саябақ, Тәуелсіздік саябағы, Дендра саябақ өте көрікті жерлер. Жанұямен қыдырып, серуендеп қайтуға өте қолайлы жер. Маған ұнағаны ол Бадам өзенінің күрделі жөндеуден өтіп саябаққа айналатындығы қатты қуантты. Жобасын өз көзіммен көріп қайттым, 8 км созылатын бұл саябақ болашақта шымкенттіктер барып демалатын өте жақсы орын болмақ. Үш этаптан тұратын Зоопарк те күрделі жөндеуден өтпек екен, Зоопрактің басшысыынң айтуына қарағанда егер қаражат бөлінетін болса 2017 жылы толық жөндеуден бітетін Зоопарк ең көрікті жерге айналып, өзіне 140 жуық аңдарды қамтитын үлкен Зоопаркке айналмақшы. Қазіргі таңның өзінде де Зоопарк қызмет істеп тұр. Кіру бағасы сол 100-200 теңге шамасында, қазіргі таңда барып көріп қайтуға болады.
Одан бөлек шымкентте Мега ойын-сауық үйі бар. Онда кино көруге, конки теуіп тұрмыстық заттарды алуға болады.
Кешкі сағат 7-ден бастап қала тұрғындарына Мұз айдыны қызмет етеді. Барлық талаптарға сай мұз айдынына барып демалуға болады.
Оған қоса балалар пойыз паркі де іске қосылмақ, Қажымұқан стадионынан бастау алатын балалар пойызы қаланың ішімен жүріп Дендра саябақтағы келесі стансияға дейін барады. :)