+3 дауыс
36.3k көрілді
Мақсат адамға не үшін қажет?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мақсат – адам нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, сол адам үшін ең

маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл – өзіңді-өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа деңгейге өту. Мақсатқа жету процесінің өзі сол мақсаттың өзіне, біздің күш-жігерімізге, қабілетімізге, міндеттерімізге, көңіл-күйімізге, сенімімізге байланысты ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мақсат – бұл шешімі үшін бар күш салынған, нақты міндет. Өз алдыңызға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттер қою қажет: бір күнге, аптаға, жылға және өмір бойына. Өз өміріңізді жоспарлап, мақсат ретінде өз «қажеттіліктеріңізді» таңдаңыз. Бұл процесті келесі түрде елестетуге болады:

Өз қажеттілігімізді анықтаймыз:

§ Өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың анализін жасаңыз да оны жан-жақты бағалауға тырысыңыз. Мұны «қоймадағы қалдықтарды тексеру» немесе «ревизия» деп атауға болады. Бұл кезеңді қалай атауыңызды өзіңіз білесіз, ең бастысы оны қапы жібермеңіз.
§ Өзіңіз үшін ненің тілектер қатарына, ал ненің қажеттіліктер қатарына жататынын анықтаңыз. Екі тізім жасаңыз: «тілектер» тізімі мен «қажеттіліктер» тізімі.
§ Бұл тізімдерге бір тармақ енгізбес бұрын, өзіңізге сауал қойыңыз: Мен неге оны қалаймын? Мен неге оны қажет етемін?
§ Оның пайда болуымен не өзгереді? Мен егер оны сатып алсам, қандай өзгерістер болады (жақсы жаққа, әлде жаман жаққа ма)? Ал мен үшін шынайы маңыздысы не? Бұл менің ең басты өмірлік құндылықтарым мен артықшылықтарыма сәйкес келе ме?

Жаһандық мақсат құру:

Сіз өмір бойына жоспар құруды қазірден бастауыңыз маңызды. Өзіңізге сауал қойыңыз: «Мен бес жылдан, он, жиырма жылдан соң қандай табыстарға жетуді қалаймын?»
Бұл мәселе төңірегінде ойланғанда, сіз жасауыңыз қажет болатын әрекеттер мен қадамдарды елестете аласыз. Көзделген мақсатқа жетудің неғұрлым көп кезеңдерін нақтылаған сайын, соғұрлым көп табысқа жетесіз. Содан соң бірінші, екінші кезекте және ары қарай не жасау қажет екенін жоспарлап, қадамдарыңыздың кезектілігін ойластырыңыз.

Әрекеттер жоспарын жасаңыз (шағын міндеттер):

Көзделген мақсатқа бірінші қадам – әрекеттер жоспарын жасау. Жоспардың болуы өздігінен мақсатқа жету болып табылмайды, алайда әрекеттер жоспарын жасау кезінде көзделген мақсаттарды бекіту өте маңызды. Осы үшін мақсаттар тізімі жасалады. Осы саладағы сарапшылар бұл тізімді үйдегі көрнекі жерге қойған дұрыс дейді. Олар туралы өз жақындарыңызға айтуға болады. Қағазға жазылған мақсаттарды қайта оқып, сіз олардың өмірге енуіне жағдай жасайсыз.

Неліктен үлкен мақсатты көптеген кішігірім қадамдарға (шағын міндеттерге) бөлу қажет?

Біріншіден, бұл уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Негізгі міндеттерді сапалы әрі жылдам орындауды үйрену қажет. Алдыңа ғаламат мақсат қойып, бар күш жігеріңді оны орындауға сарп ету қажет деп ойлау ағаттық.
Екіншіден, сенің ғаламат міндетіңе баратын жолда негізгі тармақтардың бірі – мектепті табысты аяқтау, отбасы істеріне қатысу, тіпті қоғам өміріне араласу да болар, сонымен бірге өз қызығушылығыңды, хоббиіңді ұмытпа. Мұның бәрі сенің өміріңнің құрамдас бөлігі, сенің үлкен мақсатқа жету тармақтарың!
+2 дауыс
Өмірдің мәні мақсаттта. Мақсатсыз өмір сүру, мәнсіз, мағынасыз өмір.Мақсат адамды алға қарай жетелейді.
+1 дауыс
Ақшасы жоқ адам кедей емес, нағыз кедей мақсаты мен арманы жоқ адам!
0 дауыс
Өмір сүру үшін!
...