+2 дауыс
10.7k көрілді
Достарыңның арасында абыройлы болу үшін қандай болу қажет?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз: 1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алды­мен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден бас­талады. Бұл әр адам­ға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абы­ройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір ара қа­шықтықта ұстағаның жөн. 2. Өзіңнің көңіл-күйіңді бір қалыпты кө­теріңкі деңгейде ұстауға тырыс. Басыңа түс­кен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі. 3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса шала таныс адам­дар да Сізді жауапты, шынайы деп су­реттейтін болады. Сыртыңыздан айтыл­ған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, ешуақытта түсірмейді. 4. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айт­па. Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын пікірлерің болса, мүм­кіндігінше ең алдымен өзіне жеке айт. Ол адам өз қателіктерін байқамай қалған неме­се өзінің кемшін тұсын білмеуі мүмкін. Бірақ сын айтпас бұрын жақсы тұстарына көңіл бөліп, оларды да барынша шынайы, зілді әзілсіз атап өтуге тырыс. 5. Сөзің де, өзің де сыпайы болсын. Бі­реуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс. Киімге де жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті және жа­расымды киін. 6. Кеңпейіл бол, жасандылықтан қаш. Сөз жүзінде бір өмір, іс жүзінде басқа өмір сүріп өзіңді де, өзгені де алдама. Басқалар еліктеуге тырысатын жақсы үлгі бол. 7. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл, бас­қаларды мұқият тыңдауға тырысып, олардан (не екенін айтпасаң да) әлдене үй­рен­геніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды бол. 8. Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме. Қай кезде де сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мо­йындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілділікпен алға қарай баса бер.
+1 дауыс
"Мұсылманның абыройы -қарапайымдылығында".Көмек сұрағандарға көмек қолын соз ең бірінші болып. Жақсы оқы, білімді бол. "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады"дейді.Тура сойле, тек шындықты айт. Спортпен айналыс .Кешірімді бол.Кешірімді болу жолыңды ашады .Ең бастысы өзіңді бағалай, сыйлай біл. Сонда өзгелерге де сыйлы, абыройлы боласың.
+1 дауыс
адам өз достарыңыңның алдында абыройға ие болу үшін тырысуы дұрыс емес..шынайылықпен сізді қабылдаған жандарға қол ұшын беріп..жүрсеңіз жеткілікті..олар сізге сеніп..досым деп білсе...ол сіз үшін қымбат болмақ...қашанда шынайы болып..олар қиналса көмек беріп..сыр сақтап...сырласыңыз...тек қалай абыройлы бола аламын деген сұрақты ешқашан қоймаңыз...ең қымбат сенім мен сыйластық,,атақ-даңқ..өткінші..
...