+1 дауыс
12.1k көрілді
Еңбек кітапшасын қалай дұрыс толтырады?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Еңбек кітапшасы — қызметкердің еңбек қызметін растайтын және бірыңғай үлгіде толтырылатын құжат .5 күннен артық жұмыс істеген адам ала алады. Оған қызметкердің тегі, аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, кәсібі, мамандығы, жұмысы туралы, жеке еңбек шартының мерзімі, оның тоқтатылуы мен бұзылуы толтырылады.

Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі

Еңбек кітапшасын жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді. Еңбек кітапшасына:

қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;
жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, өзге жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату;
марапаттау және көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалаулардың қолданылғаны туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді
0 дауыс
Еңбек Кодексінің 29 бабының 1 тармағының 1 тармақшасы және 57 бабының талаптарына сәйкес көлік жүргізуші болып қабылданатын қызметкердің еңбек кітапшасына жазылса, дұрыспа?
0 дауыс
Енбек кытапшасын калай толтырса болады бухгалтер болып 2012 беры жумыс жасап келеды жеке касыпкерде
0 дауыс
Менің еңбек кітапшасы 6 ай істеген жұмысы тіркелмей қалды. Оны қалай жазғызсам болады??
...