0 дауыс
1.2k көрілді
Жер Шарындағы тіршілік ненің әсерінен жойылады деп ойлайсың? Немесе Ақырзаман неден шықпақ?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Тынық мұхитының түбiнен әлемдегi ең үлкен жанартау табылды. Ол Жапониядан шығысқа қарай 1500 шақырым жерде, мұхиттың солтүстiк-шығысында орналасқан. Жанартаудың алып жатқан аумағы әлем ғалымдарын тамсандырды. Ол Ұлыбритания аумағымен парапар. Жанартаудың диаметрi 625 шақырым, ал биiктiгi 4 шақырымға тең. Ғалымдар жанартауды Таму деп атады.

Бұған дейiн Гавай аралдарындағы Мауна Лоа жанартауы ең үлкен аумақты алып жатыр деп есептелетiн. Алайда Таму аумағы одан 75 пайызға артық. Ал кратерiнiң диаметрi 100 есе үлкен. Ол ол ма, Таму Күн жүйесiндегi үлкен жанартаулардың бiрiне айналды. Бiрiншi орында – Марс ғаламшарындағы Олимп. Ал Таму көлемi жөнiнен екiншi орында.
Алайда ғалымдарды осы жанартаудың ояну мүмкiндiгi алаңдатып отыр. Себебi егер алда-жалда жанартау оянатын болса, одан атқылайтын лава көлемi алапат болмақ. Оның үстiне Таму әлемнiң ең тұрақсыз сейсмикалық жерiнде орналасқан.
“Таму 140 миллион жыл бұрын сөнiп қалған. Алайда ол қайта атқылауы мүмкiн, – дейдi Техас университетiнiң профессоры Уильям Сэгер. – Өйткенi Таму орналасқан жерде үш тектоникалық плита өзара түйiседi. Олар сейсмикалық жағынан тұрақсыз. Ал түбiн бұрғылаған кезде лавалық қалдықтарды байқадық. Бас­тапқыда бұл жерде үш жанартау жатқан шығар деп ойладық. Осы лава ағындары бiр-бiрiнiң үстiнде қабаттасып орналасқан деп болжадық. Алайда тарамдалған лава ағыны алапат көлемдегi жанартау болып шықты”.
Ендi ғалымдар Тамудың болашақтағы ықтимал зардабын болжап бiлу үшiн Жер және Марс бетiндегi осы тектес жанартаулар тарихын зерттеуге кiрiстi.
Жанартаулар – ең аз зерттелген құбылыстардың бiрi. Оның үстiне Таму теңiз астында орналасқан.
АҚШ-тың батысындағы Қа­сиеттi Елена – әлi де оянуы мүмкiн жанартаулардың бiрi. 1980 жылы жанартаудан лава атқылаған кезде 57 адам қаза тапты, бүкiл қала қара түтiнге оранды.
Сол жылы жанартауды қопарып көрген ғалымдар 15 шақырым тереңдiкте тоқ өткiзетiн күрделi құрылымдарды анықтады. Зерттеушiлер бұл суға толы шыңырау шығар деп болжаған. Алайда кейiнгi зерттеулер бұл жорамалдың бұрыстығын дә­лелдедi.
Жаңа Зеландиядағы ядролық зерттеулер институтының ғалымы Грэхэм Хилл жанартауды зондпен тексерiп көрдi. Сөйтсе, Қасиеттi Елена жанартауының түбi балқыған жыныстарға толы болып шықты. Олар бiр жаққа қарай 50 шақырымға, екiншi жаққа қарай 70 шақырымға созылған. Жер қойнауынан жанартауға апаратын тар каналмен тағы бiрнеше канал байланыс­қан. Бұл жүйе Вайоминг штатындағы сөнiп қалған Йеллоустоун жанартауымен жалғасып жатқан болуы ғажап емес. Ғалымдар барлық канал бiр мезетте iске қосылса, ондаған шақырымға созылатын өзек пайда болады деп зәре-құты қашқан. Ал ендi өзегi жүздеген шақырымға жететiн Таму атқыласа, не болмақ?
Ең қызығы, дәл осындай жанартаулар жүйесi Марс ғаламшарында да бар. Бәлкiм, Марс бетiндегi тiршiлiктiң көзiн жой­ған жанартау апаты шығар. Себебi осы ғаламшардағы ең үлкен Олимп жанартауы өзге бiрнеше жанартаудан онша қашық емес. Ascraeus Mons, Pavonis Mons, Arsia Mons және Олимп бiрге атқылаған болса, Марстағы тiр­шiлiктiң күлi көкке ұшқаны түсiнiктi.
“Күн жүйесiнiң өзге ғаламшарларынан табылған алып жанартаулардың Жерде өздерiне ұқсас серiктерi болады. Мұны Таму сiлемiнен алынған геофизикалық мәлiметтер растап отыр. Марстағы алып жанартаулардың енi Жердегi дәл осындай жанартаулардiкiмен бiрдей. Орналасуы да ұқсас. Сондықтан Жердегi жанартаулардың ғаламшарды қандай апатқа ұрындырары белгiсiз. Өйткенi 2010 жылы Исландияда аумағы әлдеқайда кiшi Эйяфьядлайёкюдль жанартауы оянғанда, ұшақтардың ұшуына кедергi келтiрген. Ал бүкiл жер қойнын ақтарып жiберетiн жанартау оянса, не болмақ? Онда Жер жарылып кетуi мүмкiн” дейдi зерттеушi Грэхэм Хилл.

Марс Жанартаудың әсерінен қираған жоқ.Оған дәлел бар,мына фото суретке қара марс бетіне соқтыққан астероидтың қалдырған ізі,үлкен шрам болып қалды.Бұған дейін марста жердегідей су,ауа,табиғат,тіршілік болған.Марстағы осы астероид апатының салдарынан күлі көкке ұшқан марс топырағы жер планетасына да келіп жетіп жерге от жауып,динозаврлар қырылып,артынан мұз басқан.Мұз басқан себебі марстың күлге айналған топырағы, шаңы жер планетасын күн сәулесінен қалқалап миллиондаған жыл тұрған.Жер күлге тұмшаланып тұрған,әйтпесе мұз дәуірі болмас еді ма.

Суретте: Марс планетасы.Қатты соқтыққан астероидтың жырылған ізі.Ал биік "Олимп"жанар тауы көрінбейді да,мұндай масштапта,яғни ол түк те емес.

+3 дауыс
Ресейдің бір қаласына метеорит түстіғой,ғарышта одан бірнеше есе үлкен аспан денелері жоқ деп айта алмаймыз,міне соның ең үлкені жерге түссе болды,сол жетіп жатыр.
...