Құлақты тазалаудың қандай жолдары бар? Халық емінде қалай? Дәрігерге көрінсең қалай?

0 дауыс
35.9k қаралым
Құлақты тазалаудың қандай жолдары бар? Халық емінде қалай? Дәрігерге көрінсең қалай? Дәрігерлер қандай ем ұсынады? Оқығаныңызға рахмет.
Денсаулық

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Құлақта бұлақтың бөлінуі физиологиялық норма.  Оны адам жуынған уақыттан соң,мақталы таяқшамен сүртіп алып тазаласа  жеткілікті . Ал егер бұлақ шамадан тыс көп бөлінетін болса, онда онда ол ортаңғы құлаққа жиналып қатып, құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Бұндай жағдайда  құлақты жоғарыда айтқандай қарапайым күнделікті тазалау   көмектеспейді. Сондықтан дәрігерге барып жуғызған дұрыс.Оларда осыған арналған бұлақты тез жібітетін ерітінділері бар. Осы ерітіндіні тамызып , белгілі бір уақыт өткен  фурациллин ерітіндісімен , немесе марганцовка ерітінділерінің біріменг щприц Жаненің көмегімен, ұлкен қысыммен сұықты  айдап  ортаңғы құлақты жуады.Қатты қысыммен айдалған сұйық құлақтаға бұлақтың бәрін сыртқа алып шығады. Егер ондай мүмкіншілік жоқ болса,онда халық емін пайдалануға тура келеді. Қандай жағдай болмасын ең бірінші ескеретін нәрсе құлақтағы қатқан бұлақты жібіту.Жібімеген бұлақты шығарамын деп әрекеттенсе  ортаңғы құлақтың каналын және одан ары құлақ пердешесін зақымдап алу қаупі бар . Зақымданған жерге инфекция түссе,тіпті асқынып кетуі мүмкін.Негізі бұлақты жібіту үшін,құлаққа жылы ас содасының ерітіндісін куніне бірнеше рет тамызып, немесе сутегі асқын тотығының ерітіндісін бір екі күн құйып,содан соң мақталы таяқшамен бірінші беткі жағын тазартып,біртіндеп тереңдете тазартады.Мақталы таяқшаны аса терең тығуға болмайды,себебі бұлақты кері итеріп қуысты бітеп ,немесе құлақ пердешесіне зақым келуі мүмкін.Дәріханаларда құлақ тазалауға арналған арнайы балауызды шырақшалар бар.(Ушные свечи) соны алып нұсқаулығын мұқият оқып,пайдалануыңа болады.Бірақ қасыңда көмектесетін сенімді адам болу керек.
Құлағымның ішіне кірген шаң тозаң жиналып қатып қалған. Бос домалақ боп қозғалып тұр. Қоңыр түсті. Сол қатты және "қабырғасына" жабыспай тұрған бәлені жібіту керек болып тур гой
Отипакс қолданған жөн.құлақтағы қатқан бұлақты жібітіп түсіреді
0 дауыс
Баламнын кулагынан булак емес.жап жасыл ирин агады.оны не истеуге болады.тамагы ауырганда солай болады ылги
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы