Бәлкім біреу біліп, біреу білмес, дегенімен білмейтіндер көп секілді.Сондықтан білгеннімен бөлісем деп ойладым. Қазір мобильді байланыс дамыған кезең. Аз дегенде әр қайсымыздың қолымызда бір ұялы телефоннан бар. Ал ол ұялы телефондардың мүмкіндіктері шектеусіз. Олар арқылы желіге шығамыз, суретке түсіреміз, бір-бірімізбен тілдесеміз. Алайда әркімге белгілі мұндай мүмкіндіктерді қолдану біраз қаражат қажет етеді. Өздеріңіз түсінгендей бүгінгі жазба мобильді бірліктер туралы болмақ.Яғни оларды толтыру жолдарына тоқталамыз.Қазіргі уақытта бірліктерді толтырудың бірнеше жолдары бар мысалы: карточка, терминал, кассалар, сонымен қатар интернет банк арқылы. Бірақ мен бұлардан сәл өзгешелеу жолын көрсетпекпін.Сонымен қарсалыңыздар Qiwi wallet. Qiwi wallet – бұл интернет кошелек. Ол арқылы сіз тек бірліктер ғана толтырып қоймай,әр түрлі төлем ақылар жасай аласыз. Бұл жайында толық ақпаратты мына жерден алсаңыз болады: http://aitaber.kz/blog/interuser/4910.html