+3 дауыс
1.3k көрілді
Медицинада мынандай мамандар бар:- психолог, психотерапевт, психиатр .Осы мамандардың айырмашылығы қандай? Қайсысы қандай көмек көрсетеді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Психология (грек. рsyhe - жан, logos-ғылым, ілім)- психотерапиямен жапсарлас психикалық даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін білім аумағы (облысы).

Психотерапия (грек.psyhe- жан, terapia – емдеу, қамқорлық) – «жан құралдарымен емдеу», олардың психикалық жағдайын, өмір сүру сапасын және қоғамдағы бейімделуін   жақсарту мақсатындағы жеке адамға немесе адамдар тобына психологиялық әсер ету тәсілдерін қолданатын білім саласы,

Психиатрия (грек. рsyke - жан, iatreia – емдеу, шипалау) –медициналық ғылымның психотерапиямен жапсарлас облысы. Психикалық кеселдердің себептерін, таралуын, түрлерін, көрністерін зерттеумен айналысады, оларды диагностикалаудың, емдеудің және профилактикасының әдістерін құрастырады.

Көріп тұрғаныныздай бұл үшеуінің айырмашылықтары бар.Енді осы салаларға байланысты психолог, психотерапевт, психиатрдың да айырмашылығы бар.Бұл сөздер бір-біріне ұқсас.Алайда олардың қызметі де,ғылым саласы да айырмашылықтарға толы.

+2 дауыс
психолог- адамға моральді проблемаларға көмектеседі. Дұрыс жол таңдауда кеңес береді және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істейді. Психолог- дәрігер мамандығына жатпайды. Психотерапевт,психиатр- жынданып есі ауысқан адамдарды емдейді.
Қызық, психолог неге дәрігерге жатпайды екен
Басты құралы медициналық дәрі дәрмектер емес,басты құралы --  СӨЗ
...