0 дауыс
612 көрілді
Егер әйелі де күйеуі де жұмыссыз және жүкті болса мемелекеттен қандай да бір әлеуметтік көмек беріле ме?

2 жауап

0 дауыс
Олар жергілікті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (собеске) құжаттарын өткізіп, жұмыссыз есебіне тіркелулері тиіс. Сол кезде мемлекеттен әлеуметтік төлемақы беріледі.
0 дауыс

Елімізде жұмыссыз қалған азаматтар әлеуметтік төлем тағайындата алады. Ол үшін алдымен жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып, «жұмыссыз» азамат ретінде тіркелуі керек. Жұмыссыз азаматқа бір айдан төрт айға дейін төлем тағайындалады.

Егер штат саны қысқарып немесе ұйым таратылған болса, яки өнім көлемі азайған себепті жұмыстан шықса, алты айға дейін әлеуметтік төлем алады.

Бұл ҚР  2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер сомасын тағайындау, есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру ережесімен реттеледі.

Жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін төлем көлемі оның жылдық табысына байланысты болады. Әлеуметтік төлемді есептеу үшін мына формуланы қолданасыз: 2 жылдағы табыстың орташа мөлшерін 24 айға бөліп, алынған соманы 0,3 коэффициентіне көбейтесіз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...