Жігітім бұрын үйленген болып шықты... маған оны тым кеш айтты дей алмаймын, бірақ оған дейін үйленейік деген ұсынысын айтқан (және тағы бір ұсыныс жасаған). Өзім қазбалап "осы сен бұрын үйленген жоксын ғой" дегенде айтты, айтайын деп жүргем, алдаған жоқпын, сенен айрылып қалам ба деп қорқам дейді. Заңды некеге тұрмаған, тек той жасаған екен, бірге 1 жарым ай тұрыпты.
Естігеннен кейін сан түрлі ойлар, сан түрлі пікірлер басыма жиналып не істерге білмей отырмын, ол болса не істейсін "шешімінді айт, менімен қаласың ба әлде осымен тоқтатамыз ба" дейді.
Өзім не істерге білмей отырмын, оны сүйем, оған күйеуге шығам деген жоспарлар да құрып қойғам. Онымен қош айтысып, жалғыз да қалғым келмейді уақыт өтіп жатыр, куйеуге шығып, бала сүйгім келеді. Кейде өзіме әйтеуір заңды некеге отырмапты ғой, баласы жоқ, болғаны 1 жарым ай ғана тұрған, адамның басында түрлі жағдай бола бермей ме, өзі жақсы адам болса болды ғой деп те ойлаймын.
Не істесем екен достар? Ақыл-кеңестеріңізді, пікірлеріңізді күтем.