0 дауыс
411 көрілді
АДМИН ба?Сайтты ашқан кім?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен саған уикипедиядағы ақпаратты көрсетейін. Сұрақ және жауап сайтының басты беті URL: surak-zhauap.kz, szh.kz Коммерциялық: иә Сайттың түрі: сұрақ және жауап Тіркелу: міндетті Тіл(дер)і: қазақша Кірушілер саны: 13000 Авторы: Ербол Серікбай Ашылған уақыты: 10 қазан 2010жылы Қазіргі статусы: белсенді Сұрақ және жауап сайты— сұрақ қойып, жауап алатын қазақшавеб-сервистік сайт. Сайттың жұмыс істеу принципінің бір ерекшелігі — бұл жерде қойылған сұрақтарға компьютер емес, шынайы адамдардан, яғни қарапайым қолданушылардан жауап алуға болатындығында. Қолданушылар қалаған сұрағын қояды, жауап та береді немесе берілген жауапқа байланысты өз ойын білдіре алады. Сайт негізін қалаушы және сонымен қатар сайт әкімшісі Ербол Серікбай. 2010 жылықазан айының 10 күні сайт өз жұмысын бастады. Сайт негізін қалаушы Ербол Серікбай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығына берген сұхбатында былай деген болатын [1]: «Бір күні ақпарат іздеп mail.ru-дың жауап бөліміне кірдім. Бір қарындасымыз сұрақ қойған екен. Орыс тілінде қойылған сұрақтарға жауап бар да, ал қазақша қойылғаны жетімнің күйін кешіпті. Осы келеңсіздікті көргенде басыма «неге таза қазақ тілінде сұрақ-жауап сайтын ашпасқа» деген ой келді.» Сайт ең алғашында жұмысын 15-20 қолданушымен бастап, 2013 жылымамыр айының 17 күнгі дерек бойынша 21208 қолданушыға жетті. Сонымен бірге сайтта осы уақытқа дейін 51485 сұрақ қойылып, 127560 жауап алынды. [3] Жұмыс істеу принципі[ өңдеу] Сұрақ қоюға немесе жауап беруге стимул болу үшін сайтта балл жинау және жиналған балына қарай атақ-дәреже беру жүйесі қалыптасқан. Тек тіркелген қолданушылар ғана сұрақ қойып, жауап беруге және жоғары немесе төмен дауыс беруге құқығы бар. Сұрақ қоюшы сұрағына жауаптар ғана алып қана қоймай алынған жауаптар арасынан жақсы жауапты таңдай алады. Сын[ өңдеу] Сұрақ және жауаптың тіркелген бетте ақпарат алмасу мүмкіндігі зор болғанымен, теріс жақтары да аз емес. Мысалы: мағынасыз сұрақтар қойылып немесе мәнсіз, адасқан жауаптардың алынуы.Сайтта кей кездері қолданушылар санының артуына байланысты техникалық ақаулықтардың туындауы. [4]Сондай-ақ сайтқа бірнеше мәрте электронды поштаны міндетті түрде растамай-ақ сайтқа тіркеле алу мүмкіндігі. Сайтқа жарияланған сұрақ болсын, жауап болсын, мейлі пікір болсын алдын ала модерациядан өтпейді. Мұның бәрі спамдарға, флудтауға және троллиннгке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
+2 дауыс
Бұл сайтты осы сайттың админі Ербол мырза 2010 жылдың 10 Қазанында ашқан. 10 Қазанда сайттың ашылғанына 3 жыл толады.
0 дауыс

Ербол мырза 2010жылдың 10 жұлдызында ашқан!

...