+2 дауыс
837 көрілді
Қазақстанда орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілін - үш тілді дамытуға қалай қарайсыздар?  Мысалы: біреулер: "онсызда қазақтар қазақ тілін жарытпай жүргенде үш тілді қатырар деймісің?" десе, енді біреулер: "Қазақстан жаңа заман ағымына еніп, Универсалды мемлекет болуы керек" деп есептейді. Алып қосарларыңыз? Қайсысы дұрыс? Қалай ойлайсыздар?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол үшін Казақстанның әр азаматы мемлекеттік тіл - қазақ тілінде еркін сөйлейтін болуы керек. Ал орыс және ағылшын не қытай тілін үйрену әрі қарай әр адамның өз еркінде.
+2 дауыс
Әр нәрсе өз орнымен. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!"
+1 дауыс
бұл өте өзекті мәселе біз бұрыннан осыны талқылаумыз керек ет тәуелсіздігімізді алғанда ақ ағылшын тілін тандау керек ет арине көбі қарсы  болуы мүмкин бірақта туркия мемлекеті ксро дан болинип оз алдын дара мемлекет болгананан кейн бірден ағылшын тілін тандады бирақ халық сауатсыз болған жоқ бизде тауекел етуміз керек ет алиде кеш емес
Түркия?КСРО-дан бөлініп?
Астафиралла,Түркия КСРО ға қашан кіріп,қашан шықты?Еркебұлан,қай мектептен білім алдың?
Құдайға шүкір толық орта білімім,география,тарихтан жақсы хабарым бар.-))))Мен соны жоғарыда жазған Нағыз қазақ деген қолданушымыздан сұрадым байқасаңыз.
Ой,бауырым кешірім сұраймын,қателесіп кетіппін,айып етпе,нағыз қазаққа айтам деп...
+3 дауыс
Тіл білудің зияны жоқ, бірақ қазақ тілін дамытып алуымыз керек.
+1 дауыс
Мен осыған қарсымын. Өзіміз жас мемлекетпіз, орыстардың отарынан шыққанымыз кеше ғана, енді Тәуелсіздігімізге әрең қолымыз жеткенде ана тілімізді көтергеніміз дұрыс болар еді деп ойлаймын. Қазақ тілі көтерілсе біраз салалар дамып, көтеріліп қалар еді ( мысалы: кино саласы, көбірек қазақ тілді телеарналар шықсашықса, қазақ тілді сайттар...). Онсыз да өзге тіл, яғни орыс тілі ресми тілдің бірі ғой. Қазір бәрі сауатты болсын, сауатсыз болсын орыс тілінде сөйлейді(қалада), бірақ мемлекеттік тіл - Қазақ тілі емес пе?! Енді ағылшын тілін білу керек деген қосылды. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" дәл айтылған сөз. Ия, білсін, бірақ дегенмен " 3 тілді мемлекет" болу үшін асығыстық деп ойлаймын. Қазақ тілі тасада қалып қоя ма деп қорқамын...
+1 дауыс
Қазақстандағы барлық мектептерде 5 сыныпқа дейін тек қазақ тілі ғана оқытылсын. Одан әрі ағылшын,орыс тілдері қосылсын. Бала ең бірінші өз ана тілін толық меңгеруі керек. Бірақ қазіргі таңда 1 сыныптан бастап ағылшын тілі пәні оқытылып жатыр. Бұл дұрыста шығар. Мен өз басым орыс тілінен гөрі ағылшын тілін қоса оқытқанды жөн көрем. Ағылшын тілі барлық салаларда қолданылады. Ал орыс тілін оқытыпта қажет емес секілді. Тек өз ана тілімізді жетік білсек, ағылшын тілін әркім барынша оқып үйренер
...