0 дауыс
82.0k көрілді
Шартты белгілер деген не және оның түрлері қандай?

3 жауап

0 дауыс
1.Карталардың шартты белгілері[1] — графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады. Мысалы, 1:1 ООО ООО масштабғағы картада темір жолдың шартты белгісі оның енін 75—100 есе ұлғайтады. Шартты белгілердің ерекше категориясын изосызықтар құрады

2.Пландар мен карталардың шартты белгілері.Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден түрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің жэне ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді .

3.Сізге түсініксіз көрінген шартты белгілер мыналар:

/ – емле қатесі белгіленеді.

V – тыныс белгісінен кеткен қате.

Z – абзац керек деген белгі.

? – дүдәмал, екіұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.

?! – пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.

! – осы жерге ерекше көңіл аудар.

~~ – ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.

--- – стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.

... – сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.

Алайда көптеген оқушылар осы шартты белгілерді біле бермейді. Ол үшін мұғалім осы белгілерді оқушыларға таныстырып отыруы керек. Бұл шартты белгілер өте қолайлы әрі мұғалімнің уақытын үнемдейді. Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу әлдеқайда жеңіл.
0 дауыс
Бул нешиншы сыныптыкы?
0 дауыс
  1. Полугодовой. Лео ен,ато л з
...