Адам (алейһиссалам)
Құран кәрімде есімі өткен пайғамбарлардан. Жер жүзінде жаратылған алғашқы адам және алғаш пайғамбар, бүкіл адамдардың атасы.
Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:
«Сөзсіз, Исаның халі де (яғни әкесіз дүниеге келуі де) Аллаһ алдында Адамның (алейһиссалам) халі сияқты. Аллаһу та’ала оны топырақтан жаратты. Кейін оған “БОЛ” деді, ол да (жан бітіп) болды.»(Али Имран сүресі 59)
«Аллаһу та’ала Адамды (алейһиссалам) жер жүзінің әр тарапынан алдырған топырақтан жаратты. Осы себепті ұрпақтарынан қара, ақ, қара торы, қызыл түсті болғандары барындай кейбіреулері бұл түстердің арасында. Кейбіреулері жұмсақ, кейбіреулері қатаң, кейбіреулері халис және таза болды. (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Хабәл)
Түрлі аймақтардан әкелінген топырақтарды періштелер сумен балшық жасап, адам кейпіне ендірді. Бұл мүсін Мекке мен Таиф арасында қырық жыл қалып (пісіп, кепкен) болды. Яғни піскендей кепті. Алдымен Мұхаммед алейһиссаламның нұры маңдайына қойылды. Кейін Мұхаррам айының оныншы жұма күні рух берілді. Оған барлық нәрсенің аты және пайдасы білдірілді. Бойы және жасы нақты білдірілген емес. Аллаһу та’аланың әмірімен барлық періштелер Адам алейһиссаламға сәжде етті. Ібіліс тәкаппарланып бұл әмірге қарсы шықты және сәжде етпеді. Адам алейһиссалам қырық жасында Фирдаус атты Жаннатқа апарылды. Жаннатта немесе одан бұрын Мекке сыртында ұйықтап жатқанында сол жақ қабырға сүйегінен хазреті Хауа анамыз жаратылды. Аллаһу та’ала оларды бір-біріне некеледі. Тыйым салынған ағаштан алдымен Хауа, кейін Адам алейһиссалам жегендері үшін жаннаттан шығарылды. Адам алейһиссалам Үндістанда Цейлон (Серендиб) аралына, Хауа анамыз болса Жиддаға түсірілді. Адам алейһиссалам екі жүз жыл жылап жалбарынғаннан кейін, тәубе және дұғасы қабыл болып қажылыққа келуі әмір етілді. Арафат алаңында Хауа анамызбен табысты. Қағбаны тұрғызды. Әр жылы қажылық жасады. Арафат алаңында немесе басқа жерде қияметке дейін келетін ұрпақтары белінен түйірлер халінде шығарылды. Аллаһу та’ала тарапынан: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұралды. Барлығы «иә, Раббымызсың» деді. Кейін барлығы зерелер халінде беліне кірді. Кейін Шамға келді. Мұнда балалары болды. Ұрпағынан қырық мың адамды көрді. Мың бес жүз жасында балаларына пайғамбар болды. Балалары түрлі тілдерде сөйледі. Жәбрейіл алейһиссалам Адам алейһиссаламға он екі рет келді. Ораза, күніне бір уақыт намаз және ғұсыл әмір етілді. Кітап беріліп физика, химия, медицина, дәрі өндірісі, математика ілімдері үйретілді. Сурйаниша, ибраниша және арапша тілдермен кірпіш бетіне көптеп кітап жазылды. Бір риуаят бойынша екі мың жасында жұма күні қайтыс болды. Хазреті Хауа анамыз қырық жылдан кейін қайтыс болды. Қабірлерінің Құдыста немесе Минада Мәсжиди Хифте немесе Арафатта екендігі туралы риуаяттар бар.(Нишанжызада уә Салеби)