Әлемдегі "ең, ең, ең".....
Қайырлы күн массагеттіктер! Ғаламтор парақшасын ақтарып отырып мынадай қызықты мәліметтерге тап болғаным. Сіздермен бөліскелі блок жазбасына енгізіп отырмын.
1. Италияда әлемдегі ең үлкен екі доңғалақты мотоцикл жасалып, Гиннестер рекордтар кітабына еніпті. Алып мотоциклдің биіктігі 5, ұзындығы 10 метрге жетіпті, ал салмағы 4 тоннаны көрсетіпті.
2. «Әлемнің ең кішкентай адамы» деген атақты иеленіп, Гиннестер кітабындағы Непалдық Хагендра Тапа Магарды (67 см) орнынан ысырған Филиппиндік 18 жасар Джунри Балауинг болды. Оның бойының ұзындығы – 59,93 см.
3. "Әлемнің ең үлкен адамы" түрік Султан Козен. Султанның бойы 246,5 сантиметр. Жанындағы бұрынғы «әлемнің ең қысқа адамы» Непалдық Хе Пингпинг.
4. Әлемдегі ең қауіпсіз ел – Кипр аралы екен.
5. Әлемдегі ең бақытты халықтар даниялықтар мен швециялықтар екен. Бұл енді ғаламтор пікірі, ал менімше әлемде өмір сүріп жатқан әрбір халық бақытты. Сіздер қалай ойлайсыздар?...
6. Мынаған қараңыз: әлемдегі ең тәртіпті қажылар дегенде ойыма Арабияның қажылары елестеп шыға келді. Ашып қарасам, сіз де таң қаларсыз)). Әлемдегі ең тәртіпті әрі ұйымшыл қажылар ол – қытайлық қажылар екен.
Жалпы, “ең, ең» дегенге айта берсек бір бетке сыйғызу мүмкін емес қой. Оның біршамасын сіздер де білесіздер. Менің қызығушылығымды оятқандар осылар, негізі...