"Махаббат,қызық,мол жылдар" - Әзілхан Нұршайықов.
1. "Кішкентай ханзада" ("Маленький принц") – Антуан де Сент-Экзюпери
Антуан де Сент-Экзюпери баяндайтын хикая өте даналы әрі адамилыққа жетелейді. Авторды тек қана жазушы емес, философ деп те атауға болады. Қарапайым оқиғалар өмірдегі ең маңызды дүниелер: парызды, адалдықты, достықты, махаббатты, зұлымдыққа қарсы тұра білуді паш етеді.
2. "Пошташы" ("Почтамт") – Чарльз Буковски
15 жастағы Генри Чинаскидың бетпердесінің астына тығылған Чарльз Буковски Лос-Анджелесте пошташы қызметін атқарады. Ол 15 жыл бойы барлық құқықтарынан айрылған құлдың күнін кешеді. Ол 15 жыл бойы өзі жеккөретін, түрлі қиындықтармен қауыштырған жұмысынан бас тарта алмайды. Бала тек 15 жылдан кейін ғана азапты өмірден кетуге бел буады.
3. "Тұншығу" ("Удушье") – Чак Паланик
Виктор Манчини – қоғамдық орындарда бұзақылық жасаумен күн кешетін алаяқ. Бір күндік тыныш өмірді қанағат тұтып жүрген Виктор алдында қандай оқиғалар күтіп тұрғанын қайдан білсін? Күндердің күнінде бар ғұмырын қоғамдық орындарды ретке келтіруге арнаған анасы науқастанып қалады. Оған анасын емдету үшін қыруар қаржы қажет. Осындай алаңғасар күндердің бірінде Виктор анасымен әңгімелеседі де, мәнсіз, мағынасыз өмірі күрт өзгере шығады.
4. "1984" – Джордж Оруэлл
Басты кейіпкер Уинстон Смит – Лондонда тұрады және әділеттік министрлігінде қызмет атқарады. Сырт көзге өзіне сенімді адам болып көрінгенімен, ол өзі қызмет ететін партияның идеологиясына күмәнмен қарайды, жалпы оның бойында күмән мен күдік басым келеді. Ішіндегісін ақтару және аяғын шалыс баспас үшін, Уинстон күнделік арнайды. Адамдарға ештеңе білдіртпей, партияны қолдағансып жүргенімен, сол министрлікте жұмыс істейтін Джулия атты бойжеткен бар сырын мәлім етіп қояды деп қатты қорқумен күн кешеді...
5."Ағайынды Карамазовтар" ("Братья Карамазовы") – Федор Достоевский
Бұл романды өткен мен бүгін, болашақ хақындағы әлеуметтік-философиялық эпопея деп атаудан бұрын, гректік "Эдиптегі" әкені өлтіруге деген құштарлық билейтін жалпыадамзаттық трагедияны ашатын ғаламат туынды деп баға берген жөн секілді. З. Фрейд және И. Нейфельд сынды психонаналитиктер бұл роман туралы бірнеше очерктер жазған. Ағайынды Карамазовтардың бірі сот алдында "Екеуміздің қайсысымыз әкемізді өлтіргіміз келмеді дейсіз" деп айқайлағанда, көңіліңіздің бейжай қалмайтындығына сенімдіміз. Оқыңыз да, ой бөлісіңіз.
6 "Робинзон Крузо" – Даниэль Дефо
Ағылшын жазушысы Даниэль Дефоның танымал романы айдаладағы аралда 28 жылын өткізген Робинзон Крузоның таңғажайып хикаялары туралы баяндайды.
7. "Жол жиегіндегі пикник" ("Пикник на обочине") – Братья Стругацкие
"Бақыт бәріне жетеді, ешкім өкпелі кетпесін!". Таңбалы сөздер... Ағайынды Стругацкийлердің жауһарлары. Бұлжымайтын, адамды ынтықтыратын, шетсіз-шексіз философиялық кітап. Уақыт жылжиды... Бірақ Рэд Шухарт пен жұмбақ жанды Зонаның хикаялары оқырманды қобалжытады, дүрліктіреді.
8. «Періштелер империясы» – Бернар Вербер
Француз жазушысының ең атышулы шығармасы. Шығарманың бірінші бетінен бастап-ақ оқиға қыза түседі. Кейіпкер аспан әлеміне тап болып, «қорғаушы періште» қызметіне орналасады. Оның қарамағында жоспарлары әртүрлі үш адам жаны бар. Бірі – қара нәсілді модель, екіншісі – француз жазушысы, үшіншісі – жетімдер үйінің тұрғыны.
9. "Махаббаттың қылмыстары" ("Преступления любви") – Маркиз де Сад
Құмарлықтың ессіздіктері – кітаптың мазмұнын осы атау ашып бере алады. Маркиз де Саданың баяндайтын әрбір оқиғасы бейкүнәлілік пен құлдыраудың, адалдық пен сатқындықтың, өтірік пен таптаудың айналасында жүреді. «Ғашық болу» үдерісінің әркімде әртүрлі жүретіні белгілі. Біреу соңғы демі қалғанша адал болады, екіншісі жауапсыз махаббатың артынан ермекке бел буады, үшіншісі құмарлықтың шырмауынан шыға алмай қалады. Бұл шығарма ұйқы алдында қиялдауды ұнататын оқырмандарымызға арналады. Оқи отырып өзіңізді тауып аласыз деген үміттеміз.
10. "Шығыс экспресстегі қылмыс" ("Убийство в восточном экспрессе") – Агата Кристи
Қыс. Стамбулда жүрген танымал бельгиялық детектив Эркюлю Пуароға шұғыл түрде Англияға кету керек. Алайда, атақты «Шығыс экпрессіндегі» барлық орында күтпеген жерден бос болмай шығады. Қысқасы, Экпресс тиесілі компанияның директоры Бук мырза осы пойызда болғандықтан Пуароға орын тауып береді. Ертесіне таңертең өзі мінген вагондағы адамдардың барлығы да әртүрлі ұлттың өкілдері екендігін байқайды. Рэтчетт деген фамилияны жамылған күдікті американдық Пуароға қомақты қаржы ұсынып, оққағар болуын өтінеді. Пуарор ұсыныстан бас тартады. Келесі таңда Пуароның есігі қағылады. Тыныштығын бұзған кім екендігін білгісі келіп қараса, кимоно киген әйел екен. Поезд Югославияның аумағындағы бір бұрышқа тоқтап қалыпты, ал Рэтчетт мырза өзінің купесінде өліп жатыр... «Шығыс экспрессінде» нендей оқиғалардың болып жатқандығын білгіңіз келсе, ұйықтар алдында осы кітапты оқыңыз.