+2 дауыс
1.1k көрілді
Тұқымқуалаушылыққа алкоголь қалай әсер етеді. Неге жүкті әйелдерге алкоголь ішу қарсы көрсетілген?
сен өзің қызық екенсің жүкті әйелге болмайды әрине болмайды балаға зиян емес пе анасы жеп отырған витамиды арақ ішше балаға керсінше әсер етпейме

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүктілік және емізу кезінде ішімдікті қолдану баланың физикалық және психикалық дамуының ақауларына соқтырады. Одан бөлек балада алкоголизмге тұқым қуалаушылық бейімділігі қалыптасуы мүмкін. Ұрықтың ішімдіктен улануы, әсіресе ішкі мүшелер мен жүйелердің қалану кезеңі жүріп жатқан бірінші үш айда әртүрлі даму ақауларына (кемтарлық), қол және аяқтарының жетілмеуі немесе толығымен болмауына, саусақтарының бірігіп өсуіне, жыныс мүшелерінің дамуының ақауларына, бас көлемінің кішірейуіне, ми жарықтарына (грыжа) әкеліп соқтырады. Алкоголь бас миына да енгендіктен бұл оның жетілмеуіне алып келеді. Мұндай балалар ерте жас шағында шетінейді не болмаса бүкіл өмірінде ақыл есі кем болып қалады.
Әйел жыныс жасушалары уытты заттардың жиналу қоры бола алады. Және осы қорлар өзінің бар екенін білдіре алады, аналық жасуша жатыр түтікшесіне толық жетілмеген болып шығады. Ішкіштердің балалары физикалық және психикалық баяу дамиды (кеш жүреді, кеш сөйлейді және т.б.), соның ішінде даму ақаулары (ағза дамуындағы тума ақаулар), эпилепсия, ақыл-есінің кемтарлығы жиі кездеседі.

...