+2 дауыс
321k көрілді

Мен дәрігер болсам... деген шығарма жазу керек еді жоспарымен көмектесіңіздершіsmiley

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын.

Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым.

Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.

------------------------------------------------

«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.

Ұзынбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады.

Мен өскенде дәрігер боламын!

ұнады күшті
мен өскенде дәрігер болғым келеді
Менің арманым дәрігер болу.
Маған мна мәтін қатты ұнады
+1 дауыс
Шығарма тақырыбы: Мен дәрігер болсам.

1.Кіріспе.Дәрігер мамандығы туралы.

2.Дәрігердің (терапевт, хирург, педиатр, стоматолог, гинеколог) адамдар арасындағы беделі.

3.Дәрігерлердің қазіргі қоғамдағы алатын орны.

4.Мен қандай дәрігер боламын.

5.Қорытынды.
+1 дауыс

Ал егерде мен әкім болатын болсам онда мен Қазақстанға қол ұшымды беріп көмегімді тигізер едім.

Бірақ әкім болған қыз балаға жараспайды деп ойлаймын. Себебі қыз баланың қолынан барі келеді ғой тек бірдене жетіспейтін тәрізді деп ойлаймын бірақ не жетіспейтінін өзімде білмеймін.бірақ менің ойымша солай сияқты. Ал ер балаларға жарасады деп ойлаймын өйткені біздің еліміздің азаматтары. Сондықтан да әкім болу үшін өзіміздің мәдени тілімізді біліп жүруіміз керек.

Жарайды сіздеге де сәттілік тілеймін!!!

0 дауыс
Болашақта кім болам?

Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.

Қазіргі кезде аурулардың атауларын білемін. Мысалы: Миненгит ( Бастағы ісік ауруы), гепатит (сары ауру), туберкулез (өкпедегі құрт ауруы) т. б ауруларды білемін.
Біздің елімізде аталған аурулар көбеюде. Дегенмен бұларға қарсы вакциналарда бар. Мен Маңғыстау облысында тұрамын. Біздің экологиялық жағдайымызға байланысты жастар арасында ісік ауруы орын алуда. Дәрігер адам өмірімен жұмыс жасайтын болғандықтан қателесуге болмайды. Әр бір науқасқа диагноз қою біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді.
Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, әлі күнге дейін ол ауруды емдей алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің еңбекқорлығыммен, ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруды емдегім келеді. Халықты мұндай азаптан құтқарғым келеді. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!...
Міне, мен болашақта осындай дәрігер мамандығының иесі боламын!....
Супер пупер болыпты  
0 дауыс
Мен болашақта дәрігер болғым келеді. Себебі, мен адамдарга көмектескенді,денсаулықтарын тексеренді ұнатамын. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Мен өзімнің қалаған маман иесі боламын! Мен өзіме сенемін!...
0 дауыс

дәрігер мамандығы барлық адамға ұнайды

0 дауыс

Дәрігер болу өте қиын мамандық. Бұл мамандықты таңдау екінің  бірінің қолынана келе бермейді. Сол себепті,  болашақ және қазіргі дәрігерлер, сіздерге сәттілік тілеймін. Жұмыстарыңыз өрге  жүзсін.heart

0 дауыс
Мен оскенде даригер болгым келеди .себеби ол мамандык Маган катты унайды.Даригерлердин коптеген турлери бар.Мысалы:тис даригери жане тагы баскалары .Мен даригер болу ушин сабагымды жаксы окуым керек.
0 дауыс
Мен өскенде дәрігер болдым келеді. Мен Апа-Атамды емдимын біздің халқымыз алан болу үшін Мен дәрігер боламын. Анамды-Акем ауырып қалса емдимін
0 дауыс
Мен дәрігер болғым келеді эссе
...