0 дауыс
6.3k көрілді
Қытай тілін үйрену үшін қайсы сайт ыңғайлы?

5 жауап

0 дауыс
busuu.com ешко.ком ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
0 дауыс

Вконтактіде мына жерде, қытай тілінде кинолар мен, кітаптар, өлеідер бар, Кімде кім қытай тілін үйренгісі келсе, тек ұытай тілі ғана емес, корей тілінде, хинди тілінде, ағылшын тілінде де фильмдер бар, Барлығы, как говориться на языке оригинале.

http://vk.com/diarytravel - Дневник путешественника

+1 дауыс
Қытай тілін үйренушілерге арналған 24 пайдалы ақпарат көзі

 

Қытай тілі аудиториясы кең тілдердің ішінде алғашқы орындарда тұр. Өзге ұлттардың арасында қытай тілін үйренуге деген құлшыныс артып келеді. Назарыңызға қытай тілін үйрену кезінде сізге көмекші бола алатын ғаламтордың ғаламаттары. ЕСКЕРТУ: сайттар, әлеуметтік желілер немесе сөздіктер қазақша нұсқада емес! Орысша не ағылшын тілінде үйретеді. Сондықтан, орыс тілі мен ағылшын тілінен біліміңізді пайдаланып қытай тілін үйренсеңіз болады.

Онлайн-курстар

Lingust — қытай тілін жаңадан үйреніп жүргендер үшін 12 сабақ. Иероглификадан бастап, диалогтар мен мәтіндер бар.
Studychinese — белсенді дамып келе жатқан сайт. Көптеген теориялық ақпараттар мен онлайн-сабақтар, пайдалы әдістер  салынып отырады
Chineseboost — ағылшынша жүретін қытай тілінің грамматикасын үйрететін сайт.
Shibushi — қытай тілін үйренуше арналған қызықты сайттардың бірі.
Langcen — Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша базалық қытай тілін үйрететін сайт. Ағылшын тілінде жүреді.

Әлеуметтік желілерде

Vk.com/kityaz — қытай тілін  үйренуге бағыттайтын аудиториясы ауқымды топ.
Vk.com/lazychinese — Вконтакте желісідегі тағы бір топ. Еріншектерге арналған)
Vk.com/chinawings — қытай тіліндегі қажетті сөздер. Сондай-ақ кітаптар да салынып отырады.
Facebook.com/writtenchinese — Фейсбук әлеуметтік желісіндегі топ.

 
Видео-сабақтар

Cctv.cntv.cn — CCTV каналының көңіл көтерітін бөлімінен қытайша видеолар.
YouTube — Елены Полозковамен бірге қытай тілін үйреніп бастаңыз.
YouTube — ағылшын тілін білетіндер үшін қытай тілін үйренуге болатын жер.
YouTube — қытай қыздан қытай тілінің алфавиттік фонетикасын меңгеруге арналған 5 видео-сабақ.
 

Фонетика мен сөйлеу

Chinesepod — фонетика бойынша №1 жер. Ағылшын тілін білу арқылы үйрене аласыз.  
Forvo — қытай тілінде қалаған сөзіңіздің айтылуын тыңдай аласыз. Айтпақшы, тек қана қытай тілі емес.
Lingomi — үндер мен айтылуын үйрететін сайт.
Yoyochinese — пиньиньдер кестесі.
Pin1yin1 — иероглифтер мен пиньиндерді үйренесіз.

Сөздік пен лексика

Bkrs.info — орысша-қытайша үздік сөздік.
Zhonga — орысша-қытайша сөздіктер легінен.
Linedict — ағылшынша-қытайша сөздік.
Vk.com/cidian — иероглиф бойынша іздеу салатын сайт.
Сhineasy.org — қытай тілін үйренемін деушілерге арналған әлемдегі ең атақты проект. Иероглифтер сурет түрінде болады.

Chinese Writer — тетриске ұқсас танымдық ойын. Маңыздылығы – жоғарыдан төмен құлаған иероглифтерді тез басу арқылы үйренесіз.
0 дауыс
fun easy learn ұялы телефоннан қытай тілін үйренуге жасалған, өте керемет нәрсе. Сонымен қатар онда тек қытай емес, испан,ағылшын,орыс,араб,француз,неміс,итальяндық,корейлік тілдерді үйренуге болады.
0 дауыс
Suiem.kz  осы сайтта қытай  тілін уйрене аласың !
...