+1 дауыс
32.4k көрілді
Экспо-2013 көрмесі дегеніміз не? Экспо-ның толық аты? Бұл не үшін қандай мақсатта болатын көрме? Бұл көрмеде қандай заттар қойылады? экспо-2013 нені ашады? Қандай жаңалықтар ашуға болады? Оның Қазақстанға пайдасы? осы сияқты шағын мәлемет керек еді.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

 «ЕХРО» дүниежүзілік көрмесі

«ЕХРО»  – дүниежүзілік көрмелер, онда дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді.

«ЕХРО»-ға қатысу туралы шешім үкіметтер тарапында қабылданады, ал оған қатысушылардың саны 195 құрайды. «ЕХРО»-ға қатысушылар саны 40–45 млн адамды құрайды.

Халықаралық Көрмелер Бюросы Париж қаласында 1928 жылғы 22 қарашада қол қойылған Халықаралық көрмелер Конвенциясының басшылығы мен өтінімдерін қамтамасыз ету үшін құрылды. Қатысушы елдердің Үкіметтері оның мүшелері болып табылады.

ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.

Бюро Бас Ассамблеядан, Президенттен, Атқарушы Комитеттен, мамандандырылған комитеттерден (Париж қаласында 1928 жылғы 22 қарашада қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25-бабы) тұрады.

ЕХРО өткізуге арналған өтінімдер беру тәртібі туралы
Көрменің тарихы

Қазіргі уақытта Халықаралық көрмелер бюросының ұйымына 157 ел қатысады.

EXPO көрмелері екі тип бойынша өткізіледі:

Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), көрмені өткізу жиілігі: 5 жылда бір рет: ұзақтығы ең көп дегенде – 6 ай; ауданы: шектелмеген; тақырыбы: барлық қатысушылар үшін ортақ;
Халықаралық Танылған Көрме (Мамандандырылған), жиілігі: 2 Халықаралық тіркелген көрменің аралығы; ұзақтығы: ең көп дегенде 3 ай; ауданы: мейлінше көп 25 га., тақырыбы: мамандандырылған.

Көрме өткізу үшін арнайы салынған, кейін Хрусталь сарайы атауына ие болған 1912 жылы Лондон Гайд-паркінде бірінші Дүниежүзілік көрме өткізілген сәттен бастап 161 жыл өтті.

Дүниежүзілік көрмелер өздерінің ауқымы, қоғамдық-саяси және экономикалық маңызы бар оқиғалары бойынша бірегей оқиға болып табылады.

Бүгінгі күнге дейін 63 көрме өткізілді.

160 жылда ДКБ өз мұрасын қалдырды:

Лондондағы Хрусталь Сарайы;
Париждегі Эйфель мұнарасы;
Париждегі ІІІ Александр Көпірі;
Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;
Мельбурндегі Патшалық Көрме павильоны.

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі Астана қаласында өтеді

Қазақстан жас мемлекет, ол күнделікті дамып келеді, бұл халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан  1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады. Ел EXPO-ға 2005 жылдан бері (EXPO-2005 (Айчи) қатысады, EXPO-2008 (Сарагоса), EXPO-2010 (Шанхай). Сарагоста өткен EXPO-2008 қорытындылары бойынша «С» санаты бойынша қатысқан 140 қатысушы елдің ішінде Қазақстан павильоны сыртқы және ішкі ресімдеу критерийлері бойынша үшінші орынға ие болады.

152-Бас Ассамблеяда құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы мейлінше көп дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын жеңіп, ««ЕХРО» -2017» өткізу орны болып анықталды.

Осындай ауқымға және деңгейге ие «ЕХРО» секілді іс-шара біздің елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Астанада дүниежүзілік көрме өткізу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады. ЕХРО» 2017 бюджеті 2013 жылдың соңында анықталады. Алайда қазір осы іс шара үшін қандай объектілер салынатыны белгілі.

0 дауыс
Қоярда  іздеу батырмасын басып іздеп көрініз?

https://surak.baribar.kz/225109/
https://surak.baribar.kz/224901/
https://surak.baribar.kz/277413/
...