0 дауыс
4.3k көрілді

Әлемдегі кітап қоры ең мол кітапхана қай қалада, және сол туралы мағлұмат болса...)

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.

Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңдакітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
...