+1 дауыс
2.0k көрілді
Ең алғаш барабан аспабын кім немесе кімдер ойлап тапты? Қай елде?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Археологиялық зерттеулер кезінде Месопотамия жерінен б.з.д алты мыңыншы жылдардан сақталған кішкентай цилиндр пішінде жасалынған ежелгі ұрмалы аспап табылған. Оңтүстік Америкадағы үңгірлерде ұшырасқан қабырғадағы суреттерде де осы аспаптың бейнесі кездеседі. Ал Моравия жерінен табылған барабан б.з.д 5 мыңжылдан бері сақталып келген. Алғашқы барабанға ұқсас ұрмалы аспаптарды ежелгі шумерлер тайпасы да қолданған. Демек, бұл аспаптың тарихы тым тереңде жатыр. Сол уақыттан бері сақталып келе жатқан бұл аспаптың бүгіндері де сұранысы аз емес. Бұрындары барабан тек сигналдық не дабылдық құрал ретінде ғана қолданылып келген. Сонымен қатар барабанның дыбырына қосылып ежелгі тайпалар діни билерін билеген, осылайша өздерінің ғұрыптық рәсімдерін өткізіп тұрған. Әскери шаралар мен түрлі жиындарда да бұл белгілі бір өзінің маңызы бар рөлдерді атқарған. Уақыт өте келе, осындай рәсімдердің ретімен барабан үндері салмақты жиындарда басқару рөлін атқарып жүрді. Мәселен, XVI ғасырда барабандар британдық әскердің жаяу әскерлік жауынгерлерінде де қолданылды. Генрих VIII кезінде 100 адамдық құрайтын әскери бір ротада екі барабаншы болу керек болған. Ол кездері барабан аспабы «Назар аудар!», «Қатарға тұр!», «Дайындал!», «Алға қадам бас!», «Атысқа шық!» , «Шегін!» сынды бұйрықтарды жеткізу үшін қызмет атқарған. ХХ ғасырда барабан аспабының екі маңызды атқарар қызметі болды. 1920-1940 жылдары Gretsch компаниясы ағаштан көпқабатты етіп барабанның сыртын жасады. Барбан құрастырудағы бұл әдіс бүгіндері де қолданылып келеді.

Ұқсас сұрақтар

...