Менің саған берер кеңесім,өзіңе унайтын,қызыған,ұмтылатын,жаныңа жақын мамандықты таңда.
Мамандық таңдау өмірдегі ең маңызды таңдаулардың бірі.Бала кезімізден бастап болашақта кім болатынымыз жайлы ойлаймыз.Бірақта,ең маңызыды -мектепті бітіріп, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған сәт.Дәл осы кезде біздің алдымызда шынымен де қиын сұрақ туындайды.Бұрында біз жай ғана ойлап қойсақ,бұл кезде ойланып қана қоймай,шешім қабылдап,жоғарғы оқу орнын таңдап,болашағымызды болжап,шамамен қандай болатынын қажет.Ал болашақ мамандықты аңдауға қандай факторлар әсер етеді?Біріншіден, ата-анамыздың,ұстаздарымыздың,достарымыздың ойы назардан тыс қалмау керек.Себебі,ата-анамыздан,мұғалімдер мен достарымыздан артық бізді ешкім білмейді.Екіншіден,біздің «әлеуметтік жағдайымыз» келеді ме? оны да еске алу керек.Өйткені,өміріміздегі басты зат қаражат болмағанымен,қазіргі заманда қаражатсыз тіршілік ету мүмкін емес.Үшінші,өзіміздің жүрек қалауымыз.Егерде бірнеше мамандықтың арасынан 1-еуін таңдай алмасақ,өзгелердің көмегіне жүгініп,әр мамандықтың тиімді,тиімсіз,ұтымды жақтарын қарастырып,салыстырып,үздік 1-еуін таңдау керекпіз.
Менің ойымша біз жүрегіміз қалаған мамандықты таңдау керекпіз.Өйткені,әрқайсымыз қалаған мамандығымыздың иесі болып,табысты жұмыскер болғымыз келеді.Ал жұмысымыз жақсы жүріп,табыс көп болу үшін біз өз мамандығымызды сүю керекпіз.Жұмысты жақы орындап жетістіктерге жету үшін алдымызға мақсат қойып,оған жетуге талпынуымыз қажет.Яғни ынтамен,құштарлықпен,суйіспеншілікпен орындалған жұмыс жаман болмасы анық.Тек өз жұмысымызды сүйген кезде ғана біз барлығына жауапкершілікпен қарап,істерді сапалы атқарамыз.Жақсы орындалған жұмыс бастықтарға да ұнары сөзсіз.Тіпті сол бастықтың орнына өзіміздің отыруымыз ғажап емес. «Мақсат – жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді. –деген сөздерді Елбасымыздың 2012 жылғы,14 желтоқсандағы жолдауынан таба алмыз. Сондықтан,болашақ мамандық туралы қазірден бастап ойланып,болашағымызды жоспарлай беруіміз керек.Біз болашағамызды бақытты елестете қоймай,қанша қиындық болса да «Көз қорқақ, қол – батыр» – демекші,барлығына төзіпарман мен қиялдың ақиқатқа айналуы үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.Себебі,жақсы мамандық-жарқын өмір кепілі!