Ол қателік телефонның жады толып қалғаннан шығуы мүмкін. Яғни телефонның жады толып қалса СМС келмей қалады. Ол үшін телефонда толып қалған СМС-терді өшіреміз. Немесе телефонның жадында сақталған музыка, сурет, видеоларды өшіріп тастасаң телефонның есте сақтау құрылғысында орын босап СМС келуі мүмкін. Сол үшін артық қажетсіз ақпараттарды өшіріп немесе телефоның флеш картаны қолдайтын болса сонда ақпараттарды көшіргенің жөн.