+4 дауыс
52.6k көрілді
Өмір сүруге құштар ететін және білім алуға талпындыратын қанатты сөздерді тауып бересіздер ме? Шетел адамдарының сөзі болса да жарайды. Тек қазақ тіліне аударылған және осында қазақша жазсаңыздар.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ешкім де сізден күшті емес! Ешкім сізден ақылды емес! Тек олар сізден ерте бастаған!

                                                                                                                                         Брайан Трейси

Ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді. Сондықтан қателесуден қорықпа, қатені қайталаудан қорық!

                                                                                                                                          Теодор Рузвельт.

Басқалардың ертең ойлайтындарын, сен бүгін жаса!

                                                                     Уинстон Черчилль.

Егер сіз қателік жібермесеңіз, онда сіз тым қарапайым мәселені шешіп жүрсіз және бұл үлкен қателік!

                                                                                                                                          Франк Вилчек

Табыс-бақыттың кілті емес. Бақыт болса табыстың негізгі кілті. Егер сізге өз ісіңіз ұнаса-сіз міндетті түрде табысқа жетесіз!                                                                   

                                                                                                                                      Альберт Швейцер

Қателіктен қорқудың өзі қателік.

                                                   ?

Біреудің сізге көмек беруіне келіскеніңіз - ол сіздің берілгеніңізді білдірмейді, сіздің бұл әлемде жалғыз емес екеніңізді білдіреді.

                              ?

Сен жоғары көтерілген кезде достарың сенің кім екеніңді біледі. Ал сен құлаған кезде сен достарыңның кім екенін білесің.                                                                                                                      

                                                                                                                                                 Майк Тайсон

Жаттығу кезіндегі қиындыққа төзу, футбол алаңында мазаққа қалып, қор болғаннан әлдеқайда жақсы.

                                                                                                                                         Давид Вилья

Қиын жолды таңда, онда бәсекелес аз.  

Бүкіл жауаптың бәрі өзіңде жатыр. Сен кітаптағы жазылғандардан көп білесің. Бірақ оны еске түсіру үшін кітапты оқу керек, өз-өзіңе қарауың керек, өзіңді тыңдауың керек және сенуің керек.
Тайсон жақсы айтыпты..
+1 дауыс
Егер ұша алмасаң, онда жүгір.
Егер жүгіре алмасаң, онда жүр.
Егер жүре алмасаң, онда еңбекте.
Бірақ тек алға қарай қозғалудан айныма!
                                                                    М.Л.Кинг
Елге танымал психолог қолына 500 теңгені жоғары ұстаған күйі, пән бойынша өз сабағын бастап кетті. Залда отырғандардың қарасы 200-ге жетіп қалатын. Психолог қолындағы ақшаны кімнің алғысы келетінін сұрады. Барлығы, бір топ мүшелеріндей бір уақытта қолдарын көтерді.

"Сіздердің біреулеріңіз ақшаны алмастан бұрын, мен бір нәрсе жасағалы тұрмын", - деді психолог. Ол алақандағы ақшаны жұмарлап тастады да, кімнің әлі алуға дәмесі барын сұрады. Бұл жолы барлығы бірдей қолын көтерді.

"Онда", - деді ол, - "Мен мынаны жасаймын", сосын ол ақшаны еденге тастады да, үстінен етігінің өкшесімен басып, үйкеп тұрып алды. Жерден көтергенде ақшаның мыж-тыжы шығып, ластанып қалған еді. "Мынау күйімен бұл ақша сіздердің қайсыларыңызға қажет?". Бұл жолы тағы да барлығы қолын көтерді.

"Қымбатты достар", - деді психолог, - "Жаңа ғана сіздер бағалы әрі көрнекі сабақ алдыңыздар. Мына ақшаға не істемегеніме қарамастан, сіздер оны алғыларыңыз келді. Өйткені, ол өз бағасын сақтап қалған болатын. Ол әлі де болса, 500 теңгелік құнын сақтап қала алды.

Біздің өмірде ерден түсіп қалып, езіліп-жаншылып, еденде жатып қалатын күндер болады. Мұндай сәттерде біз өзімізді ешкімге қажетсіз сезінеміз. Не болғаны, әлде не болатыны маңызсыз, сен ешқашан өз бағаңды жоғалтпайсың. Лассың ба, немесе кіршіксізсің бе, әлде жаншылғансың ба, умаждалғансың ба, сен әрқашан өзіңді сүйетін жандарға теңдессіз қымбат болып қала бермексің"
+1 дауыс
+1 дауыс
Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулақ сақтап!

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің - екі жақтап! (А. Қ.)

 

Чтобы жить честно: надо рваться! Путаться, биться, ошибаться! Начинать и бросать, и опять начать и опять бросать! И вечно бороться и лишаться! А спокойствие душевная - подлость! (Л. Т.)

 

Невозможно — это всего лишь громкое слово, за которым прячутся маленькие люди. Им проще жить в привычном мире, чем найти в себе силы что-то изменить. Невозможное — это не факт. Это только мнение. Невозможное — это не приговор. Это вызов. Невозможное — это шанс проявить себя. Невозможно — это не навсегда. Невозможное возможно. (М. Али)



 



 

P.S.: Мотивациялық өлеңдер, афоризмдер олар бір сәттік қана ғұмыры бар менің ойымша. Йоханн Гете аймиго айтпақшы, "Іс барысы - тоқтамай, асықпай" арқылы мықты нәтижелер жасау үшін, адам өзімен күресуді бастау керек! Ол, қарапайым жүріп, тұру мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қатынас құндылығы, жеке бас гигиенасы, уақытты тиімді пайдалану, тайм менеджемент сияқты толып жатқан өзіңді бақылауға алу арқылы дамытауға бағыттаған әрекеттеріңіз өз нәтижесін бермек.

 

Сәттілік!!! :-)
0 дауыс

Мына жерді қарап көріңізhttp://massaget.kz/bastangy/psihologiya/6711. Қанағатшыл болу керек әрқашанда.

...