Бумынның басшылығымен түріктер 552 жылы шайқастарда жуан-жуандарды талқандайды. Соғысқа араларында ең күшті Ашин руы бар түріктердің жуан-жуандардың қарамағынан құтылу тілегі себеп болды. Жуан-жуандарды соғысқа арандату үшін түріктер жуандар қағаны Анахуанның қызын өздерінің көсеміне әйелдікке айттырады. Бұл тілек Ананхуанның намысына тиеді, өйткені түріктер бұрын бұл туралы ештеңені ойларына алмайтын, олардың әскерлері үшін темір қорытып, жуандарға алым салықтарын мінсіз төлеп тұрған. Жеңіске өз тілектеріне орай түріктер жетеді. Бумын қаған оларға шабуыл жасап, талқандайды. Анахуань өзін-өзі өлтіреді, ал жуандардың тақ мұрагері өз өмірін сақтап қалу үшін көрші елге бас сауғалайды. өкінішке қарай, халық "Ел қағаны" деп атаған Бумын қаған сол жылы өледі.
Бумынның қазасынан кейін таққа оның кіші інісі Қараескі отырады, оның басшылығымен түріктер жуан-жуандарға Бұқрат тауында, Орхонның жоғарғы ағысының бір жерінде екінші рет соққы береді. Қысқа уақыт ішінде (552-554 ж.ж.) түріктер каи (татабтар), қидандар және оғыз-татарлар, солтүстікте енисейлік қырғыз тайпаларын жаулап алады