0 дауыс
824 көрілді
Экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаттары.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән.

Экологиялық ағарту осыны қанағаттандыра алады, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.

Қазіргі таңда мектептердің басым көпшілігі бүгінгі күні осы бағытта балаларға үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім беру ісін өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастыруда немесе кейбір мектептерде жекелеген пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беріп оқушыларды экологиялық мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда .

Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы десек те болады. Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қараса, ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларын арқау ете отырып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады. 

Жоғары және орта оқу орындарында экологиялық білім және тәрбие беру мәселелеріне көптеген ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері арналған. Белгілі эколог-ғалым академик Әлия Бейсенова мектептен бастап жоғары оқу орындарындағы ұлттық экология ғылымының жүйесін жасады. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру Н.Сарыбековтың еңбектерінде негізгі орын алады.

Гуманитарлық-экологиялық бағыттағы мектеп-гимназияның экологиялық білім және тәрбие беру кешенін жасауда Ресей ғалымдары Е.С.Сластенинаның, Н.А.Рыковтың, А.И.Щербаковтың және қазақстандық ғалымдар Ә.Бейсенованың, М.Сарыбековтың, Ж.Жатқанбаевтың, Е.Мәмбетқазиевтің ғылыми ұсыныстарын, сонымен қатар халықтық педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі бойынша профессор С.Қалиев, К.Қожахметов, К.Бөлеев және тағы басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының орта білім беру институтының әдіскер ғалымдары ұсынған ғылыми тұжырымдамалары басшылыққа алынды .

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп–тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым–қатынасын қалыптастыруға бағытталады.

Табиғат – сұлулықтың өмір – бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының біріне саналады. Ал бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді.

ХIX ғасырдың көрнекті қоғам қайраткері К.Маркс, қандай жұмыстың болса да «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласындығы орны толмас олқылықтар пайда болады.

Олай болса, тәрбие саласындағы экологиялық көзқарас педагогке жеке адамды қалыптастыруда табиғат сырын мейлінше толық пайдалануға айналадағы ортаның әлеуметтік табиғи факторының өзара байланысына назар аударуға бағыт – бағдар сілтейді.

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда, орман–тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі. Жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмыстарына қатынасады.

Қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтық білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Ең басты міндеттердің бірі табиғатты қорғау мәселелері мен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен  қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері. Экологиялық білім мен тәрбие беру қазіргі кезде барлық ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналуда.

Қоғамдық ой санада әлі күнге дейін табиғатқа қарым-қатынас, жаулап алу, бұзып қиратып пайдалану орын алып келеді. Сондықтан да жаңа ой-сананы, экологиялық білім беру концепциясына сүйене отырып дамуы қажет.

Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың туындауы, соның ішінде табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз өсуі және оның келеңсіз көріністері айқын байқалуда. Оған себеп табиғи ортаға деген көзқарастың, жауапкершілік сезімнің жетіспеуі. Жалпы әлемдік денгейде мойындалып отырған экологияландыру процесіне сәйкес ізгілік қасиеттерін, құндылық қатынастарын, теориялық – практикалық тенденциялары айқындала бастады. Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы процес, ол кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді.

Біріншіденадамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру;

Екіншіден жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері арқылы дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелеу;

Үшіншіден қарым-қатынас негізінде білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ету.

Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы орынды. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. 

http://oldconf.neasmo.org.ua/node/3133

...