+1 дауыс
4.9k көрілді
Сәлеметсіздер ме! Чепчикте қалай крахмалдайды? тез арада қажет youtube тан видеосын таба алмай отырмын.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Крахмалдау - бұйымдарды сыртқы өңі кетпеу үшін, қыртыстанбау және тез кірленуден сақтау үшін крахмалмен қатыру процессі. Крахмалдауға табиғи рахмалдарды (картоптан, күріштен, жүгеріден жасалған) немесе крахмалдауға арналған арнайы химиялық препараттарды пайдаланады.

Жұмсақ крахмалдау

Жұмсақ крахмалдау төсек жаймаларын, сүлгілерді, перделерді, әйелдердің жейделерін крахмалдағанда қолданылады.

Крахмалдау қоспасы:

½-1 шай қасық крахмал;
1 л су.

Жартылай қатты крахмалдау

Жартылай қатты крахмалдау асхана жабдықтарын (дастарқан), жиһаз жапқыштарын, ерлердің жейделерін крахмалдағанда пайдаланылады.

Крахмалдау қоспасы:

1 ас қасық крахмал;
1 л су.

Крахмалдау барысы

Крахмалдаудың бұл түрлері үшін картоптан немесе жүгеріден жасалған крахмалды пайдаланған тиімді.

Желім жасау үшін крахмалды азғана суға езу керек;
алынған массаны қайнап жатқан суға бірте-бірте құйып, түйіршектері әбден езілгенше араластырады;
желім мөлдір әрі жабысқақ болу керек, егер желім мөлдір әрі жабысқақ болмаса, онда оны 3 минут (жүгері крахмалынан жасалынған желімді 5-6 минут) қайнатып алу қажет;
дайын болған желімді көк иіл қосылған салқын суға құйып, содан соң ерітіндіге кірді салып, крахмал бірдей сіңуі үшін жақсылап араластырады;
бұдан соң кірді сығып алып, жайып кептіреді.

Тюльден жасалған бұйымдарды арнайы рамаға керіп кептірген жөн. Кепкен бұйымдарға болар-болмас су бүркіп, біршама уақыттан соң сәл қызған үтікпен үтіктейді.

Қатты крахмалдау

Қатты крахмалдау - жаға, манжета, ерлердің сыртқы жейдесінің кеудесі т.б. крахмалдағанда қолданады.

Крахмалдау барысы

шикі картоп (крахмал сүті) пайдаланылады. 40-50г картоп (немесе жүгері крахмалы тіпті жақсы) крахмалға аз мөлшерде салқын су қосып, түйіртпектерін езіп 1 л суға салып, крахмал сүтін алғанша араластырады;
одан кейін 15 г бураны 1 стақан жылы суға ерітіп, ерітіндіні суытады да, бірте-бірте крахмал сүтіне құяды;
жақсылап араластырған соң 1-2 сағат демалдырып қойып, қайта араластыру керек;
жағаға крахмал жақсы сіңуі үшін оны қолмен әбден ысқылап, сығып, таза ақ матаға орап, 30-40 минут ұстау қажет;
содан кейін крахмал сіңген жағаны крахмалдың артығынан тазарту үшін ылғал шүберекпен сүртіп бірден үтіктеген дұрыс;
ерлердің сыртқы жейделерін әуелі крахмалдап алып, содан соң жағасы мен манжетін және кеудесін тағы крахмалдау қажет.

  • Бұйымдарды крахмалдау барысында крахмалдайтын заттарды көрсетілген нұсқауды қатаң қадағалай отырып пайдалану керек. Крахмалдауға пайдаланылатын түрлі препараттардың қолдану тәсілдері этикеткаларда немесе ораманың сыртында көрсетіледі.
  • Аэрозольдық құтыдағы препататтарды қолданғанда кірді алдын-ала дымдандырмай, препаратты таза, құрғақ бұйымның үстінен ылғал тартқанша бүрку қажет, содан соң қызуы 150° -тан жоғары емес үтікпен үтіктейді.
  • Мақта матадан жасалған қоңырқай өңді бұйымдарды картоп крахмалымен крахмалдауға болмайды, себебі үтіктеген соң оларда жолақтар мен дақтар пайда болады.
  • Крахмалданған бұйымдарды қатты аязда кептіруге болмайды, себебі мұндай да бұйымның беріктігі азайып, бетінде жабысқақ заттар пайда болады.
  • Крахмалдаған бұйымдарды үтіктей салысымен шкафқа салып тастауға болмайды, өйткені крахмал иісі шығып кетеді.

Киім тек киілгеннен ғана емес, ұзақ уақытқа сақтау оны дұрыс болмаса да кірлейді. Кір киімді ұзақ сақтамаңыз, жуу қиын болады. Кір киімді себетте немесе саңылаулары бар жәшікте жинаңыз. Ылғал жеде жатқан киім көгеріп кетеді.

Киімді жөндеу жуылғаннан кейін, үтіктердің алдында жүргізіледі. Машинамен жуылатын киімдерді жуар алдында жөндеп алған дұыс.

Жуар алдында киімдерді түсіне, матасының түріне, кірлеуіне қарай сұрыптап алыңыз. Жас балалар мен сырқат адамдардың киімдері бөлек жуылады. Жуар алдында киімдерді кір жуу ұнтағы қосылған жылы суға салып қойыңыз. Ұнтақты пайдаланар алдында қорабындағы нұсқаулықтармен мұқият танысып, оны орындауға тырысыңыз. Мына ережелер сақталуы керек:

- шыт маталарды жібек немесе жүн маталарға арналған ұнтақтармен жумаңыз;

- мақта матадан тігілген түсті киімдерді жуғанда су тепературасы 60 градустан аспауы керек. Егер мата түктеле бастаса, суға аздап тұз қосып (1 л суға 1 шай қасық) жібеіңіз;

- жұмыс киімдері мен қатты кірлеген киімдерді жуғанда құрамында сілтілері бар ұнтақтарды пайдаланыңыз;

- жүн, табиғи жібек, синтетикалық маталардан тігілген киімдерді жуғанда судың температурасы 30-40 C аспасын (жү мен жібек маталар үшін ең көп дегенде 35 C болуы керек). Мұндай киімдерді сабынмен жууға болмайды;

- тым жұқа маталарды сұйық жуғыш заттармен жуыңыз.

Қатты лас болған қол орамалдарын жуарда алдын ала тұзды салқын суға салып қойыңыз(10 л суға 1 ас қасық).

Киімді қолмен жууға немесе қайнатып алуға болады. Енді тағы бір әдісіне назар аударыңыз. Алдымен киімді суға салып қойып, жақсылап шайып алыңыз. 400 г сабында ұсақтап, жұқалап кесіп, 30 л қайнап тұрған суға салыңыз, үстіне 2 ас қасық скипидар құйыңыз, 2 ас қасық мүсәтір спиртін қосыңыз да көпіршігенше араластырыңыз. Киімді ерітіндіге салып, 10 сағат ыдыстың бетін жауып қойыңыз. Одан кейін жақсылап шайып алсаңыз болады. Бұл әдісті жиі қолдануға болмайды.

Кедір-бұдырлы тақтайшамен киімді қайнатар алдында жуады.

Егер киімді қолмен жууға мүмкіндік болмаса, мына әдісті қолдана аласыз. Киімді алдын ала 1 шелек суға 2 ас қасық сода салынған суға салып қойыңыз, қатты кірлеген жерлерін, жағасын, жеңдерін сабындап жіберу керек. 5-6 сағаттан кейін сығып алып, мынадай ерітіндіге салыңыз: 1 шелек суға 100 г сабын, 30 г сода, 50-75 г скипидар. Осы ерітіндіде 1-1,5 сағат қайнатыңыз, одан кейін әуелі жылы, сосын салқын суда шайып алыңыз.

Киімді қайнату үшін сабын немесе кір жуатын ұнтақ қосылған су құйылған ыдыс түбіне ақ мата салынып, одан кейін қалың киімдер, үстіне жұқа киімде салынады да, су қайнағаннан кейін 40-60 минуттай қайнатылады. Киім толығымен суға батып тұрғанын қадағалаңыз.

Жиі жуғаннан киім сарғая бастаса бір шелек суға 2 ас қасық мүсәтір спитін және 2 ас қасық 3 пайыздық сутегі асқын тотығын қосып, осы ерітіндіде киімді 20-30 минут ұстаңыз. Одан кейін жақсылап шайып жібеу керек. Екінші әдісі - 1 ас қасық хлор ізбесін жарты стакан суға езіп алып, 1 литр суға ерітеді де, киім жуатын суға мата арқылы сүзіп құйыңыз. Ағаш таяқшамен анда-санда араластыра отырып, киімді 20-25 синут ұстаңыз да, жақсылап шайып жіберіңіз. Тек бұл әдісті жиі қолдануға болмайды. Хлор матаны тоздырып жібереді.

Қолданылмайтын ақ жаймаларды жылына бір рет жуып алып, сақталатын шкафты желдетіп отырыңыз.

Жаймаларды шаятын суға аздап мүсәтір спиртін қоссаңыз, жаймалар жұмсақ болады.

Жаймаларға көгілдір рең беру үшін, нілді шүберекке орап, қажетті түс алғанша суға шайқап алыңыз. Дайындалған суға жаймаларды жеке-жеке шайып алыңыз.

Егер қоңырқай перделердің түсі оңа бастаса, кофе мен шай тұнбасы қосылған суға шаю арқылы түсін қалпына келтіруге болады.

Киімдерді, жаймаларды крахмалдау үшін жарты стакан суға крахмалды езіп алады да, киім шайылатын ыстық суға құйылады. 1 л суға 6-8 г крахмал алса жеткілікті. Төсек және асхана жаймалаына 1 л суға 10-12 г крахмал алынады.

Крахмалданған киімді центрифуга көмегімен сығуға болмайды, крахмал біркелкі жайылмайды. Крахмалданған киімді қатты ыстық емес үтікпен ылғал дәке арқылы үтіктейді.

Мақта-мата және шыт киімдерді жуу

Бұл киімдер жуудың және үтіктеудің барлық түріне төзімді келеді. Егер киімнің бояуы шығатын болса 10 л суға 1 ас қасық тұз қосып жіберіңіз. Киімнің бояуы шығатын-шықпайтынын тексеру үшін бір шетін сулап алып, ақ матаға орап, қатты сығып көріңіз. Егер ақ матаға бояуы жұғып қалса, ондай киімдерді бөлек жуу керек.

Жүн матадан тігілген киімдерді жуу

Жүн киімдер жуғанда отырып кетеді және үтіктеу қиын. Жүн киімдер 38 С температурада сілтілік заттар қоспай жуады. Су температурасының күрт өзгермеуіне назар аударыңыз. Оларды алдын-ала ұзақ уақыт суға салып қоймау керек. Жуу және шаю барынша тез болуы тиіс.

Жүн киімдерді мол суға қолмен жуады. Қатты ысқыламай, қолмен қысып-қысып жуу керек. Сыққанда да құрап сығуға болмайды, қолмен қысып, суы сығылып алынады. Шайғанда суға 1 ас қасық сіркесу қосып жіберіңіз.

Жүн матадағы май дағын кетіру үшін, алдын ала жарты сағаттай кір жуатын ұнтақ ерітіндісіне салып қойыңыз. Қара түсті жүн маталарды жуғанда 100 г қышаны стакандағы суға ерітіп, мата арқылы киім жуатын суға сүзіп құйсаңыз, өңі ашыла үседі.

Табиғи және жасанды жібек киімдерді жуу

Жібек киімдер жылы сабынды суда қатты ысқыламай жуылады. 10 л суға 1 ас қасық мүсәтір спиртін қосып жіберуге болады. Жібек маталардың бояуы шығатын болғандықтан, оларды тезірек кептіру керек. Ол үшін киім желтең жерге немесе желдеткіштің қасына жайылады.

Жасанды жібек матаны жуғанда су температурасы 37 С-тан аспауы керек.

Нейлон перделерді жуу

Нейлон пердені салқын суда шайып алады. Одан кейін кір жуатын ұнтақ ерітіндісінде жуып, салқын сумен тағы бір рет шаяды. Қажет болса нілмен көгертуге болады.

Шілтер педелерді жуу

Перделердің жуар алдында шаңын қағып алады да, бір шелек суға 1 ас қасық ас содасы немесе 2 ас қасық мүсәтір спирті қосылған суда екі рет ұсталады. Жуға кезде қатты ысқылауға болмайды. Алдымен жылы суда, кейін салқын суда шайылады. Одан кейін жоғарыда айтылған тәсілмен крахмалданады.

0 дауыс
Мынаны оқып көр:

http://khmelnitskiy.prom.ua/p17306276-meditsinskij-kolpak-1302.html
...