+2 дауыс
35.4k көрілді
Әбу Насыр Әл Фараби қандай тілдерді меңгерген?

6 жауап

+2 дауыс
Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішіндеОтырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. СОл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.
+1 дауыс
Кейбір деректерде араб, парсы, түркі. грек, тілдерің жетіп меңгерген деліңген...
0 дауыс
Араб парсы грек түрік латын еврей тілдерің меңгерген
Еврей тіл себебі көптеген еңбектері табылған
0 дауыс
Әль-Фараби атамыз тарихи деректерге сүйенсек,70-ке жуық тілді меңгерген.
0 дауыс
Әль-Фараби атамыз тарихи деректерге сүйенсек,70-ке жуық тілдерді меңгерген
0 дауыс
Әль-Фараби атамыз тарихи деректерге сүйенсек,70-ке жуық тілдерді меңгерген Араб Парсы Грек Түрік Латын Еврей тілдерің меңгерген
Еврей тіл себебі көптеген еңбектері табылған
...