0 дауыс
3.4k көрілді
"Түлен түртті ме?"- деген сөзді қалай түсіндіресіз? Бұл сөз теңіз жануарына не қатысты бар ? Түлен туралы да қоса кетіңіз.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Түлен деп негізі шайтан,ібіліс сияқтыларды айтады.Жоғарыда жазған бір қолданушы дұрыс айтады.Бір газеттен осы туралы оқығаным бар еді.Бірақ толық есіме түспей тұр өкінішке орай.Қысқасы сол мақалада "адам мен түлен туралы айтылады.Шайтанның балаларының бірі осы түлен болады.Шайтан сол баласын адамға жібере ме сондай болған.Адам одан құтылу үшін бәрін істейді(өлтіріп көміп тастайды,денесін бөлшектеп әр жаққа көмеді)Түлен бәрібір тіріліп келе берген.Амалы қалмаған адам оны Түленді пісіріп жеп қояды.Сонда шайтан баласына айтқан екен:балам жақсы болды,біз адамдарды сырттан азғырсақ сен іштен азғырып күнәға батырасың деген екен.Содан бері бір адам бір жаман іс жасап қойса сені түлен түртті ме,сені түлен түртті деп айтатынымыз содан екен" деп жазылған.Ал теңіз жануары түленнің (тюлень) бұл сөзге қатысы жоқ деп ойлаймын.
Енді ойыма еміс-еміс бірдеңелер түсе бастады, ұмытпасам Алдар көсе туралы мултикте де бір сондай көрініс болған.
0 дауыс
Түлен деген ібіліс қой қазақтар қалай атаған! Оның мағынасы жай ғана саған не болған деген!
+1 дауыс
Түленнің (тюлень)теңіз жануары екені анық қой, сол сияқты бұрынғы Каспий (Хазар) теңізі жағасында өмір сүрген бабаларымыз олардың тыныс-тіршілігінен хабардар болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Түлен теңіз жануары болғандықтан олардың негізгі азығы балықтар(шабақтар, майшабақтар, тағы сол сияқты кішірек баалықтар) болар, олай болатын болса балықтардың теңізде топ(косяк) болып өмір сүретіні тағы бар. Міне тамақ іздеген түлендер сол топ балықтың бір шетінен тигенде дүрліге жөнелмей ма? Сол сияқты адамдар да кейбір сәттерде бір қауіптен(сел,су тасқыны, зілзала, тіпті кейде қауесеттің өзінен ақ) дүрліге(паника) жөнелмей ма, міне қазақтар осы сөзді осындай дүрлігіс жағдайға теңеу ретінде айтқан болар деймін.Бұл менің өз ойым, қателесуім мүмкін, Көркем атаңа оқып беріп сол кісіден сұрап көрші. Мүмкіндігі болса ол кісі не айтқанын жазарсың.
Жако аға атамның айтқандары да сіздікіне ұқсап кетеді.  Жауапқа рахмет.
0 дауыс

Түсініспеушілік бар сияқты ғой,бұл жерде түлен деп тюленді емес,ібілісті,яғни шайтанды айтып отырған сияқты.Әдетте "түлен түртті ме?" деп адам еріксіз күлген кезде айтады біздерде.

Менде солай ойлаймын, жауабыма сенімді емеспін. Түлен-сөзі бір жын ба, шайтан ба сондай адамды азғыратын жексұрын тылсым күшке ұқсайды, бірақ дөп басып айта алмаймын.
...