Биологияны білсең химияны үйрену оңай, тек шамалы айырмашылық бар. Сен талпынсаң үйренесің. Қызығушылықтың құдіреті құздарды бағындырады. Қызығып оқыған адамдар білу үшін бәрін істейді. Саған өзім көрген ең керемет мысалды келтірейін: менің Бағлан деген досым математикаға қатты қызықты. Менің анам сынып жетекшісі еді, үйге келіп қасыма қонды күн сайын. Мектепте дайындалды. Логикалық сұрақтар ол үшін кәдімгі сұрақтар сияқты еді, оны шатастыру мүмкін емес еді. Оған таңғалатыным - бәріне үлгеретін. Үйінің жұмысы, күреске қатысатын, кешке қарай жүгіретін. Математикадан жарысатынбыз, бір рет те жеңген емеспін. Кейін көшіп кетті. Қазір оны №244 мектепте бәрі таниды. БАЛАБЕКОВ БАҒЛАН - мектеп үздігі, математика ғылымдарының "доғдыры", бокстан талай мәрте жүлде алды, оқу мен спортты қатар алып жүрді. Мүмкін Шиелілік қолданушылар танитын болар.