+1 дауыс
1.1k көрілді
Мені көптен ойландырған бір сұрақ бар еді...сіздермен ой бөліскім келіп отыр..Адамның өмірін..оның тағдырын жазып қояды екен?!егер ол рас болса,арман мен махаббат ұғымы неге қалыптасты екен?!Арман мен махаббатты адам өзі ойлады ма?адам неге сонша армандайды...өмір армандап,оған жетуге талпынаудан тұрмайды ма?Сынақ үшін Жаратқан Алла шындығында оның өмірін алдын ала жасап қойды ма екен?!досым ол рас,,Құранда жазылған деп еді...мен енді армандаудан да қорқатын болғандаймын...сіздерден ой күтемін....
сұрағыңа түсінбедім........
сұрағым...адамның бар өмірі жазылып қойылса..армандап не керек?!бәрі белгілі болса...өмірдің мәні армандау талпыну ғой...
Қате түсінбеңіздер Барлығы Өздеріңіздің Амалдарыңызда!!!Қысқа да нұсқа!!!Ф
Белгісіз
АЛЛА АДАЛ АДАМДЫ АРМАНЫНА ЖЕТКИЗЕДИ.Аррам адамды оз озин курткызады

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер адам армандамаса, бір іске кол жеткізбесе ондан оның жануарлардан еш жері артық емес. Егер өмірім алдын-ала жазылып қойды деп ештеңе ойланбай, болашаққа жоспар құрмай жүрсең, түздегі жемін аулап, қарны тойса ұйықтап жүретін қасқырдан нең артық болады. сондықтан адамда арман болу керек, сол арманға қол жеткізу керек. Егер сенің өмірің жазылып қойса ол тек бір Аллаға ғана аян. Сен оны болжай алмайсың. Сондықтан армандау керек.
адам өмірі екі есік секілді ғой..арасының қанша ұзақтығы ешкімге белгілі емес..демек оның да шегі бар...армандау  керек болар,,бірақ оның да шегі бар..сөзіңізге қосыламын,,жануардан айырмашылығымыз бәлкім сол да болар...тек өмірде көп армандап...кейін өмірден түнілер пенденің халінен қорқамын...
Адам болып өмірге келген соң сол екі есіктің арасын мәнді өткізуіміз керек. Біз кей кезде бір өлер күнімізді білетін адам сияқты ештеңе істемей жүреміз. Бұл фәниде армандамасаң ЖОО-ға да түсе алмайсың. Болашағынды да елестете алмайсың.
өмір ойлансаң...тұңғиық бір жұмбақ..шешуге талпынамыз..арман мен мақсат ұғымы жақын,,,арман орындалмайды деп қорыққандықтан...ЖОО мақсат деп білдім,,мақсат талпынсаң жетесің..ал арман кейде қиял сынды
Әрине арман мен мақсат егіз ұғым. Армандамасаң алдыңа мақсат қоя алмайсың. Ал мақсат қоя алмасаң тұңғиыққа батасың.
рахмет аға...ойларыңыз үшін...Алла разы болсын...
оқасы жоқ. Қызықты ангиме үшін сағанда көп рахмет.
сайтқа енді тіркелдім..алдағы уақытта да мұндай сұрақтар толассыз..тағы да ойлар күтемін...
жауап беріп, пікір қосуға әрдайым дайынмын. Сұрақтарыңызды асыға күтемін.
+1 дауыс
Ештенені армандап план құрмаған дұрыс сияқты по моему, все равно барлығы біз ойлағандай бола бермейді. Өмірді өз ағынымен қоя сал, енді жатып алма, талпына бар, болмай қалды ма басқа жоспар бойынша талпына бер талпына бер, еңбектене берсен бір жерден шығасын әйтеуір. Бір орында отырмау керек лишь бы. Менің түсінігім бойынша Жаратушы иеміздің бізге берген сыйы осы өмірге әкелуі, ал оны қалай өткіземіз ол өзімізге байланысты. Көп қиялдана берме))))
рахмет..ақыл-кеңесіңіз үшін...санама түрте жүремін...
+1 дауыс
«Тағдыр» – ілімі шексіз, әрі барлық нәрсенің басы мен соңын түгелдей білетін, «кеше, бүгін, ертең» деген секілді уақыт ұғымынан тыс Аллаһ тағаланың микроәлемнен макроәлемге дейін, атомдардан алып жүйелерге дейін, болашақтағы өмірі тұтастай қамтылған «нормо әлемінен» адамға дейін, ең кішкенесінен ең алыбына дейінгі бүкіл жаратылысты ғылыми жобада, негізде жоспарлап, сол бойынша мұқият өлшеуі арқылы оларды бір пішінге келтіруі, жүйелеуі, реттеуі және солардың бәрін ғылыми жобадан алып, өзінің құдіретімен жүзеге асыруы, бұларға  белгілі бір пішін беріп, жаратылыс әлемінде көрсету үшін барлық нәрсені әлі болмай тұрып, «Анық баяндаушы Кітапқа» (китабун мубин) тіркеп жазуы.

Сонымен бірге, «тағдыр» – адамның бір істі жүзеге асыруы мен Аллаһ тағаланың ол істі жаратуының қатар келуі. Яғни, адам баласы бір іске ниеттеніп, өз еркімен сол істі істеуге кіріскенде, Аллаһ тағала қаласа, ол істі жаратады. Өйткені Аллаһ тағала өзінің шексіз ілімімен осы екі өзекті мәселені олар жүзеге аспай тұрып әу бастан біледі әрі оны алдын-ала белгілеп қойған. Демек, «қадар» (тағдыр) адамның еркі мен ісіне негізделеді: еркі болмаса, тағдыр да болмайды.
пікірінізге толықтай дерлік қосыламын...шыны керек...адам тағдыры Алланың қолында...жазған Алла қайта түзете аларын білсем де кейде осы сұрақтың қоршауында қалып қойғандай болушы едім...енді түгелдей дерлік бойымда талпыныстың қанат қаққанын байқаудамын...шынайы жауап үшін рахмет сізге
+1 дауыс
Тағдырды дұрыс түсінбей отырсың. Аллаһтың тағдырды алдын-ала жазып қоюы адамның іс-әрекетіне кедергі келтірмейді. Тағдыр өзгереді. Аллаһ қаласа пендесінің тағдырын немесе қазасын өзгертеді. Бұл мәселеде пенденің ниеті мен іс әрекеті негізгі рөл ойнайды. Тағдырдың өзгеруі жайлы айтылған хадистер, болған оқиғалар бар. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен Хазіреті Омардың арттарында қалған ғибратты оқиғалары бар. Аллаһ адамға қалаған ісін жасау үшін күш, ерік жігер берген. Адам соны пайдалану керек.
пенде бәрібір де өз пенделігін жасайды емес пе?!тағдырдың мәнін ұғынсам да осы сұрақтың қоршауында қалып қойдым..ИншАллах бұл сұрақтан арылдым дерлік...өзім секілді пенделердің пікірін білгенім де артық етпес,,уақытыңызды бөліп жауап бергенінізге рахмет!!
оқасы жоқ. ондай сұрақтың тууы заңды нәрсе
+1 дауыс
Сіздің маңдайыңызға, престиж ғана лайық! Иә, иә! Әр адамға!

Сенің жаның - алтын,
Мінезің - қарапайым,
Ақылың - парасатты,
Көңілің - дархан,
Білімің - терең,
Қызметің - нәтижелі,
Ниетің - түзу,
Тұлғаң - тік,
Тамағың - тоқ,
Киімің - өзіңдік стиль,
Туғандарың - қолдау,
Достарың - сүйеніш,
Көлігің - сенімді,
Үйің - жайлы, - демек осылар үшін күресу керек! Бұлардың барлығын бірден бере салмаса да, осыларға иелік етуге Жаратқанымыз мүмкіндік берген!!!
Берген жауабыңыз үшін рахмет...әрине әр пендеге барлық қасиетті берді...ашуды жаратса,сабырды қосты...әлсіздік танытса,талап пен жігерді қосты,,,үмітсіздікке салынғанда ,бәлкім жету үшін арман мен талапты қосқан болар...ал мен дәл осы сұраққа неге белгісіз бір ойға шомғанда жауап берер сіздердей пенделерді жаратты....тағы да рахмет....
+1 дауыс
Қате түсінбеңіздер Барлығы Өздеріңіздің Амалдарыңызда!!!Қысқа да нұсқа!!!
0 дауыс

Тағдыр-ешқашан шешім шығара алмайтын адамдардын сөзі...

...