«Тағдыр» – ілімі шексіз, әрі барлық нәрсенің басы мен соңын түгелдей білетін, «кеше, бүгін, ертең» деген секілді уақыт ұғымынан тыс Аллаһ тағаланың микроәлемнен макроәлемге дейін, атомдардан алып жүйелерге дейін, болашақтағы өмірі тұтастай қамтылған «нормо әлемінен» адамға дейін, ең кішкенесінен ең алыбына дейінгі бүкіл жаратылысты ғылыми жобада, негізде жоспарлап, сол бойынша мұқият өлшеуі арқылы оларды бір пішінге келтіруі, жүйелеуі, реттеуі және солардың бәрін ғылыми жобадан алып, өзінің құдіретімен жүзеге асыруы, бұларға белгілі бір пішін беріп, жаратылыс әлемінде көрсету үшін барлық нәрсені әлі болмай тұрып, «Анық баяндаушы Кітапқа» (китабун мубин) тіркеп жазуы.
Сонымен бірге, «тағдыр» – адамның бір істі жүзеге асыруы мен Аллаһ тағаланың ол істі жаратуының қатар келуі. Яғни, адам баласы бір іске ниеттеніп, өз еркімен сол істі істеуге кіріскенде, Аллаһ тағала қаласа, ол істі жаратады. Өйткені Аллаһ тағала өзінің шексіз ілімімен осы екі өзекті мәселені олар жүзеге аспай тұрып әу бастан біледі әрі оны алдын-ала белгілеп қойған. Демек, «қадар» (тағдыр) адамның еркі мен ісіне негізделеді: еркі болмаса, тағдыр да болмайды.