Аңыз бойынша ертеректе сондай жағдай кездесіпті. Тамағына қылтық кеткен адам сендер айтқандай май да, су да ішіпті. Нан да жеп, арқасын соқтырыпты. Ал қылтық қадалып тұр. Әбден амалы құрығанда бір кісі:
- Иттің демін жұт. Иттің демі сүйекті ерітеді, - депті.
Ол дереу иттін ұстап, аузын ашып, иттің шығарған демімен демалады. Арада сәл-пәл уақыт өткесін итін жіберіп жұтынса, тамағы таза дейді.