Арал теңізі шағын Голливуд оның тартылуына не себеп?

0 дауыс
892 қаралым
Арал теңізі шағын Голливуд! оның тартылуына не себеп? оның тартылмауына қалай көмектесе аламызз?
• Санаты: Өмір, Тіршілік | 892 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Және ең басты себеп өзбек ағайындар Әмудария мен Сырдарияны бөгеп тастауы. Толығырақ: http://kk.wikipedia.org/wiki/Арал_экологиясы

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы