0 дауыс
467 көрілді
Көптен бері Google, Youtube сияқты сайттарға кіре алмай әлекпін. Мысалы, бір нәрсені іздемек болып, google-ге жазсам, Google-дің негізгі беті ашылады да, маған ештеңе тауып бермейді. Ал Youtube видеопорталындағы бейнероликтердің бәрі де көрсетілмейді. Тіпті осы сайтқа кірсем, "91.204.122.36.class.php not exists" деген жазу пайда болады. Бұларды қалай түсінуге болады? Өз компьютерімнің кемшілігі ме? Әлде интернетке қатысты мәселе ме?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл сайттар бізде ашылып тұр. Бұл сайттар сіздің компьютеріңізден болуы мүмкін. Бірнеше себептер болуы мүмкін. Егер сізде сетьовой модем болса ондай өшіріп қайта қосып көріңіз. Сетьовой модем тоққа тығылып тұрған болса мегелайн берген динамикалық айпи адрес өзгермеуі мүмкін. Ал бізге мегалайн динамикалық айпи адрес береді. Сондықтан модемді тоқтан ажыратып қайта қоссаңыз жаңа айпи беріліп сайт ашылуы мүмкін. 91.204.122.36.class.php not exists  қате шығуына қарағанда 91.204.122.36 мекенін Гугл қара тізімге енгізіп қойса ашылмауы мүмкін. Сондықтан өшіріп қосу арқылы сіз жаңа айпи алып сайттарға кіріп кетуі ықтимал.

Екінші бір мәселе браузердің қатесінен болуы мүмкін. Сондықтан браузердің cookie , тарихын(история) т.б. тазалап ашып көріңіз. Оны тазалауда CCleaner бағдарламасы сізге көмекке келеді. Бұл [бағдарлама туралы мына жерде сұрақ][1] болған.  Жүктеп [алу үшін мына жерге][2] кірсеңіз болады.

Тағы да бір жолы hosts файлына виустар арнайы кодты енгізіп қойса сайттар ашылмауы мүмкін. Ол жайлы http://www.khazakh.tk/ сайтында жазылған ақпарат бар. Мен қалай істеу керек екенін жазып отпай сондағы ақпаратты осында жариялаймын.
Компьютеріңіз арқылы кейбір уеб сайттарға кіргізбеу амалы
Осы жолғы сабақта Компьютеріңіз арқылы кейбір уеб сайттарға кіргізбеу немесе уеб сайттарға болок қою амалын жеткізіп отырмын. Мұндай амалдарды істейтін программалар көп болғанымен бұл амалды сіз өз компьютеріңізге ешқандай программ отырғызу арқылы емес тек бір ғана сөзді өзгерту арқылы істеп шығу мүмкіндігі бар. Ол үшін төмендегідей істесеңіз болғаны.
1. My computer >> Windows >> System32 >> drivers >> etc осы жол арқылы кіріңіз
2. Hosts деген файлды Notepad арқылы ашыңыз (суреттегідей)
<img src=" border="0"  />
3. Төменгі суретте көрсетілгендей 127.0.0.1 дегеннің орнына 127.0.0.1 website.com сияқты жазыңыз
<img src=" border="0" />
Мұнда бір ескеретін жайт www.google.kz түрімен және де google.kz түрінде жазып сақталуы тиіcті.
Шығатын нәтижесі:
<img src=" border="0" />

Ал сіз осы амал әрекетті керсінше орындайсыз. Яғни Win+R батырмасын шертесіз. Сонда system32 деп жазып, Enter батырмасын шертесіз. Сосын сонда driver деген папканы ашасыз, содан etc сонда hosts деген файл болуы керек.  Ары қарай төбедегі суреттегідей істейсіз. Бірақ егер гугл деген жазулар болса сол қатарды өшіріп сақтау батырмасын басыңыз немесе Ctrl+S. Браузерді жауып қайта ашып көріңіз. Тағы сұрақтарыңыз болса пікірде қалдырасыз деген ойдамын!

  [1]: https://surak.baribar.kz/5381/
  [2]: http://www.piriform.com/ccleaner/download/standard
Админ, сіз айтқандай жасап көргенмін. Түк шықпады. Бірақ әлгі "hosts" дегеннің ішін түгелдей өшіріп тастап (түрлі-түрлі сайттар тізімі тұр екен), браузеріді қайта қосып қарағанымда өзім кіре алмай жүрген сайттардың бәрі ашылып тұр!
"hosts" файлын тазартып тастаған себебім, ішінде тізімде тұрған сайттарға кезек-кезек кіріп қарағанымда барлығы да ашылмай тұрған болатын. Сосын "бәрін кетіріп тастасам, қосылып қалар" деген үмітпен ішіндегі сайттар тізімін басқа бір жерге көшіріп алдым да (жағдай өзгермесе, қайта салу мақсатында), әлекке салған әлгі файлды тазартып тастадым. Содан кейін-ақ, міне, қазір google-ге де, youtube-ке де еркін кіріп отырмын. Аллаһ разы болсын сізге. (clap)
+3 дауыс
Бирақ басқа сайттарға кіріп тұр да? Браузеріңді ауыстырып көрдіңбе?
Браузерімді ауыстырып көрсем де, мәселемді шеше алмадым. Бірақ қазір жағдай түзелді. Ол туралы жоғарыда админнің жауабына пікір қалдырғанмын. Рахмет сізге. (hi)
+1 дауыс
Қытайдан болсаң, ол жақта аталған екі сайтқа да кірмейді:)
Жоға... Атырау жақтанмын.
...