+5 дауыс
2.6k көрілді
Ауылда дүкен ашып жатыр едік, соған терминал қондырайын деп едік, қалай қондыруға болады кімдермен келісім жасау керек?

4 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап

Терминал алуға асықпаңыздар. Алдымен бизнес жоспар құрыңыздар, соған қарай терминал - ақшаларыңызды ақтайма, жоқпа көресіздер. Мысалы ең арзан терминал шамамен 280 000 тенге тұрады. Әріне соңғы шыққан тенге тастау арқылы да төлем жасайтын терминалдардың бағасы жоғары.

Мысалы, Терминалға арналған шағын бизнес жоспарға назар аударыңыздар:  

Шығындарды есептейміз: 

Терминал: 350 000 тг 

Қосымша шығындар: 50 000 

Барлығы: 400 000 тенге

___________________________________________________________________________

Терминалды қоятын орын шамамен 12 000 тг (Дүкен өзіңіздікі болса тегін)

ГСМ: 2 500 тг [Терминалдағы ақшаны алын кетушы] 

GPRS байланыс: 1000

Чек беретін лента: 400 тг

Барлығы: 15 900 тг

___________________________________________________________________________

Пайдасы: 

Егер: терминал арқылы айына 500 000 тг төлем жасалса х 5%  [ әр салушыдан орташа пайда ] = 25 000 тг

Қолыңызға алатын таза пайдасыз: 

25 000 тг - 15 900 =  9100 тг ЕГЕР! Терминалыңызды қоятын орын өзіңіздікі болса 9100 + 12 000 тг = 21 100 тг

Қанша уақытта ақшаны өтейді: 

400 000 / 21 100 = 1 жыл 7 ай.

Сонымен, Дүкендеріңізге келетін адам саны жоғары болса, терминалды ауылдарыңызда жиі қолданатын болса, терминал ақшасын 1.5 (бір жарым) жылда өтей алады.  Жоғарыда көрсетілген есептеулерден бөлек, өзіңіздың тапқан 21 100 тенгеңізден мемлекетке пен апаратты сатып алған орынға да қосымша салық төлеуіңіз мүмкін. 

 Енді қарапайым есептеу жүргізсек: 

500 000 : 31 = 16 129 тг. Сонда 500 000 мың төлем жасалынуы үшін күніне 16 000 тенгелік төлем жасалынуы тиіс. Тіпті 250 000 тенгелік төлем үшін күніне 8000 тг тенгелік төлем жасалынуы тиіс. 

Сіздің ауылыңызда осыншама тенгелік төлем жасалынама? Егер жасалынса орнатуыңызға болады. 

Іздеу нәтижесі: 

Терминалдардың бағасы:

Терминал алу үшін телефон нөмірлер:

Бірақ бір нәрсені ұтытпаңыздар қанша аз төлем жасалынса сіздің пайдаңыз сонша аз болады. Ертен шығынға шықпау үшін бүгін барлығын жоспар мен жасаңыздар. (Есептеулерде аздаған қателер кетуі мүмкін)

Жақсы жауап, менде де терминал бар, бірақ сатып алмадым, қолдан жасап алдым десем сенесіз бе? сізге терминал сатып алып қажеті шамалы, алдымен ауылыңызда шамамен қанша отбасы тұрады соны анықтап алыңыз....мысалы 300.500.700. 1000. 2000. жалпы қанша отбасы бар?
Белгісіз
Ереке,ары қарай айта кетсеңіз
не туралы жазайын
Белгісіз
Қанша отбасы бар екенін анықтағаннан кейінгі не істегеніңізді
Ереке, сомен қалай терминалды жасап алдыңыз?
Мадияр 1996, Мадияр ұзын сөздің қысқасы, қанша адам бар болса соның қанша пайызы (%) Терминалды қолданатынын шамамен айтуға болады (Қайталап айтам шамамен), Егер аз, болатын болса қолдану ауқымыда аз болады және сөзсіз терминал өз ақшасын 3-6 жылда өтеуы мүмкін.
Еш қиындығы жоқ, жалпы төлем қабылдаудың табысы деген атаумен блог жүргізген едім мына жерден қараңыз қалай табыс табуға болатыны туралы сілтеме
http://kerekinfo.kz/blog/MyPay/
Белгісіз
+4 дауыс
Менің білуімше, терминалды әкеліп қондырып беретін өзінің орталықтары бар. Солармен байланыс жасау қажет. Егерде сіздің ауылыңызда терминал болса жалпылай айтқанда өз өңіріңізден терминал көрсеңіз соның экранында хабарласу керек нөмірі және мекен-жайы жазуылы тұрады. Тіпті болмай жатса терминалдан алған чегіңізде де мекен-жайлары көрсетіледі.
0 дауыс
терминалдың арзандары да болады мысалы https://www.google.com/url?sa=i&rct=j&q=&esrc=s&source=images&cd=&cad=rja&docid=YOpHH_kqGRDGzM&tbnid=x1tQK-SR3lWstM:&ved=0CAUQjRw&url=http%3A%2F%2Fru.wikipedia.org%2Fwiki%2F%25D0%25AD%25D0%25BA%25D0%25B2%25D0%25B0%25D0%25B9%25D1%2580%25D0%25B8%25D0%25BD%25D0%25B3&ei=IQ00Us-MN6364QT2zYDwBg&bvm=bv.52164340,d.bGE&psig=AFQjCNGv9h9-6ALp-J5rPqO4RoSTATMBNA&ust=1379229300891935 бул терминал шамамен 75000 туруы керек менин агамнын магазинында бар арзан жане тиімді
0 дауыс
Газеттен кара, жарнамасын терминал сатылады немесе арендага алуга болады
...