0 дауыс
961 көрілді
Доллор неге күн санап өсуде?қалаи оилаисыздар ақшамыздан құн кетіп бара жатқан жоқ па

3 жауап

0 дауыс
Доллар неге өсіп барады? Григорий МАРЧЕНКО, Ұлттық банк төрағасы: – Өткен маусым айында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы бір доллар – 148,02-149,42 теңге диапазоны аралығында болды. Ұлттық валюта 0,9%-ға төмендеді де, айдың соңында оның биржалық бағамы бір доллар – 149,42 теңгені құрады. Ұлттық банк Қазақстанның негізгі сауда серіктестіктері болып есептелетін елдердің сыртқы валюта нарығындағы жағдайларды тұрақты түрде бақылап, мониторинг жүргізіп отырады. Мақсат – ұлттық валютақұнының ауытқуымен байланысты қауіптерді мейлінше азайту. Валюта бағамына әсер етуші негізгі фактор – қуат көздерінің әлемдік нарығындағы ахуалдар. Теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамының өзгерісі болмашы ғана. Ұлттық банктің валюта саясатындағы ағымдағы бағамдарды өзгертуге негіз жоқ, теңге құнының басқаруға келетін өзгеруі жағдайында оның тұрақсыздыққа соқтыратын күрт ауытқуын алдын ала бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымының докторы, профессор: – Ұлттық валютаның тағдыры, әрине, шикізат көздеріне байланысты. Мұнай, газ, металл және басқалардың әлемдік нарықтағы бағасы төмендейтін болса, теңге бағамы да құлдырауы мүмкін. Бірақ оның экономикаға айтарлықтай әсер етпейтін, азғана пайыздарға төмендеп не керісінше жоғарылап тұруы, менің ойымша, нарықтық экономикадағы заңдылықтардың бірі. Біздің экономикамыз дүниежүзіндегі ахуалмен байланыста болғандықтан, мен осы саланың маманы ретінде мұнайдың, газдың, басқа да шикізат түрлерінің нарықтағы бағасы мүлдем төмендеп кетпеген жағдайда теңге тұрақты болады деп ойлаймын. Ұлттық валюта алдағы уақытта да өзінің құнын сақтайды деп есептеймін. Кәкім ДҮЙСЕНБАЕВ, экономика ғылымының докторы, профессор: – Доллардың теңгеге қатысты күнделікті бағамының айтарлықтай болмаса да өсіп отыруы, біріншіден, мұнайдың бағасына байланысты. Екінші себебі – экономика саясатына байланысты. Басқа мемлекеттердегі жағдайларды алып қарағанда, алдыңғы жылдары доллар біршама төмендеген де еді. Қазір біртіндепкөтеріліп жатыр. Бірақ мен теңгенің долларға қатысты бағамының құлдырау жағдайының күрделеніп кететініне сенбеймін. Олай болуы мүмкін емес сияқты. Теңгенің тұрақтылығы сақталады. Ұлттық валюта ұзақ уақыттан бері қалыптасқан өзінің бір доллары – 147-150 теңге диапазоны аралығында қала береді деп ойлаймын Енді өз ойым әрине барлық елдерде таралып кез-келген елдің банк шотында тұратын болды! Ал Қазақстан да сол доллар сияқты теңгенің құнын өсіріп әлемге таратуы тиіс!
0 дауыс
Доллар күн санап қымбаттап бара жатқан жоқ. 2-3 жылдан бері 147-150 теңгенің аралығында болып тұр. Мәселе мынада: доллардың өзі швейцария кронына қарағанда құнсызданып барады. Демек, теңге де құнсызданып барады деген сөз.
0 дауыс

Доллар керісінше төмен кетіп бара жатыр. Доллар тамыз айының 1 күні 153,47 тенгені құраса дәл бүгін 22 тамыз 152,44 тенге.  Мынау алдыңғы бір аптадағы доллардың бағасы теңгемен шаққандағы

Толығырақ доллар бағасының құнын мына сайттан көре аласың: http://kazfin.info

 

...