0 дауыс
3.8k көрілді
Адам батпаитын көл бар деиді, ол каи жакта, кандаи кол немес теніз

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
АДАМ БАТПАЙТЫН ТЕҢІЗ Ол – әйгілі Өлі теңіз.Бұл теңіз Израиль мен Иорданияның ортасында. Теңіздің тұздылығы соншалық, суында ешбір жәндік тіршілік ете алмайды. Таяу Шығыстағы аптап ыстық теңіз бетіндегі таза суды үздіксіз буға айналдырып, тұзы табанына қалыңдай шөгеді. Шөгінді тұздың тығыздығы тереңдеген сайын қатты. Салыстырмалы түрде айтқанда Жер бетіндегі басқа мұхит, теңіз суларының тұздылығы 2-3 пайыз десек, Өлі теңіздің тұздылығы – 27 пайыз. Кей жерінде шамамен одан да көп. Өлі теңіздің төрттен бір бөлігі – таза тұз.Жалпы салмағы – 40 миллион тонна. Өлі теңіздің тұзы басқа теңіз тұздарымен салыстырғанда анағұрлым ауыр көрінеді. Сол себепті, Өлі теңізде шомылған адам ешқашан батпайды екен.Өйткені, адамның салмағы тұздың салмағынан көп жеңіл. Қалыпты суда тез бататын жұмыртқа тұзды суда бірден бетіне қалқып шығатынға ұқсайды. Әйгілі жазушы Марк Твен Өлі теңізде бастан кешкендерін қызғылықты баяндайды: «…Бейне кереуетте жатқандайсың. Қос қолыңды кеудеңе айқастыра салсаң да жарты денең су бетінен көрінеді. Тіпті, басыңды көтерсең де батпайсың. Тізеңді иегіңе жеткізіп, қос қолыңмен айқара құшақтағаныңда, аунап түсесің. Өйткені, басыңның салмағы ауыр… етпеттеп алға жүзем деу арман, кері қарай жүзесің. Қызық! Теңізге түскен жылқы не ілгері, не кейін жүре алмай, аз уақыттан соң, бір бүйіріне жантая кететіні таңғаларлық». Каспий теңізіндегі Қара бұғаз шығанағы суы да осындай өзгеше қасиетке ие. Ресейдің Волгоград облысындағы Эльтон көлі суының құрамындағы тұз мөлшері де 27 пайыз екені белгілі
0 дауыс

Сонау шығыстағы Өлі теңізі.

Ұқсас сұрақтар

...