Алдымен сізге қандай жанрдағы кітап оқығыңыз келетінін анықтап алу керек шығар. Мен ұсынатын кітаптар тізімі сіздің көңіліңізден шықпауы да мүмкін. Тізімді көптеген оқырмандарды жалықтырмай келе жатқан Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызыз мол жылдарынан" бастайын. Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін", Сәкен Жүнісов "Ақан сері", Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа", Сайын Мұратбеков "Жусан иісі", Мұхтар Әуезов "Қорғансыздың күні" және Бексұлтан Нұржекеевтің таңдамалылары. Кітаптардың басым бөлігінің электронды нұсқасын табу қиын бола қоймас. Кітаптардың нақты қандай сайтта бар екенін білмеймін.