0 дауыс
10.1k көрілді
Электронды кітап дегеніміз не?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, қажет десеңіз, сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы. Оны пайдалану жай кітапты оқығаннан гөрі өте ыңғайлы. Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды  оқуға арналған кішкентай компьютер десек те болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы жасалған. Бұл  мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пайдаланғанда көз жанарының тез шаршамауына мүмкіндік береді. Электронды кітаптың басқа құрылғылардан басты артықшылығы  бұл қазіргі кең таралған мәтін форматтарын (FB2, TXT, PDF, HTML, DjVu, DOC, CHM, WOLF) қабылдап, оқи алады. Аталған құралға тек қана кітаптардын мазмұнын ғана емес, қажетті материалдардың, құжаттардың, сонымен қатар интернеттен алынып, сақталған беттерді жүктеуге болады. Керек мәтінді көшіріп алып, оқуға болатын мұндай кітаптардың кейінгі нұсқаларында МРЗ форматтағы аудиофайлдарды да ойнату мүмкіндігі бар. Аталған кітаптағы ақпаратты сақтау үшін флеш-карта қолданылады. Мысалы, 1ГБ көлемді жады картасында 2000-ға жуық кітап сақтауға болады. Ал аккумулятордың қуаты шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді.
0 дауыс
Бұл Сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды құрылғы. Оны оқу жай кітапты оқығаннан гөріұнамды және ыңғайлы, өйткені Сіз өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифттің көлемін таңдай аласыз! Толығырақ http://dov.kz/informatika/m-book-ti-sipattau.html осы сілтемеде.
0 дауыс
Компьютер немесе Мобильды Телефон арқылы  оқуға болатын Арнайы программа! Кітап Оқу өте Ыңғайлы Өйткені оны тек бір ғана кнопкамен басқариип қойып отырасын!
Енді осы Электронды кітапқа кітапты құжатты қаидан бастырамын
Құжат керек емес! сізге қандай электронды кітап керек?
Белгісіз
Осы электронды кітапқа салып окитын қандаи кітап бар?
оны устройства для чтения электронных книг мына жерлен қараңыз http://market.yandex.kz/catalogmodels.xml?CAT_ID=2666443&hid=2417247  
ЖӘНЕ

 http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%BA_%D1%83%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B9%D1%81%D1%82%D0%B2_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D1%87%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D1%8D%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85_%D0%BA%D0%BD%D0%B8%D0%B3
Белгісіз
0 дауыс
http://kitap.kz/
0 дауыс
kazneb.kz    Ұлттық электрондық кітапхана
...