+1 дауыс
3.9k көрілді
Бесікке жатқан бала мен жатпаған баланың айырмашылығы неде деген сұрақ қойылған болатын!сонда отандасымыз жатпаған баланың аяғы қисық болады депті!Бірақ бір қызығы дәрігерлер бесікке жатқызбауға кеңес береді екен себебі баланың аяғы қисық болады депті! Қайсысы дұрыс осының?Негізі бесікке жатқан жақсығой жазды күндері балаға рахат!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі адамдар біреуі былай десе сол таралып шындық сияқты болып кететін болды ғой! Баланың бесікке жатқаны жақсы ғой аяғы түзу болады ал енді дәрігерлердің де әрбір сөзіне сене берудің қажеті жоқ! Ата-бабаларымыз сонау ежелден баланы бесікке бөлеген бір жағынан денсаулығына да пайдалы бесікке жатпаған бала жайдақ еркін жатқасын жіберіп қояды дегендей ал ол балаға зиян ал бесікте жатса шүмек арқылы кете береді таза болады! Дәрігерлердің сөзінің бәрі рас десек үлкен кісілерге аптасына бір 100 грамнан ұрттап тұруға кеңес береді екен! Ол денсаулыққа пайдалы дейді денедегі анау мынау қалдық бактерияларды жояды екен дейді ал АРАҚ деген нәрсе тұрғанымен зиян ғой! Баланы бесікке жатқызу жатқызбау аналарымыздың және болашақ аналардың өз қолында!
+1 дауыс
Ерте заманда балалардың бәрі бесікке жатып өскен ал солардың аяқтары денсаулықтары қазіргі жастардан мықты болғған бесіікке жатқызу керек баланы
0 дауыс
Это должен знать каждый деген кітаптың қазақша тәржімаланған кітаптан баланы бесікке бөлеген зиянды ма деген тақырыпқа бесіктің пайдасын жақсы жазған екен. Сол кітаптағы ақпараттарды осында жазуды жөн көрдім. Баланы бесікке бөлеген зиянды ба? Бесіктің пайдалы-зияндылығы туралы айтпай тұрып, әуелі сол бесік туралы аздап мағұлмат бере кеткен жөн сияқты. Себебі тіліміз бен дініміз сияқты соңғы 70жылдың ішінде "ескіліктің, қараңғышылдықтың қалдығы..."-деп, тұтынудан қалыс қалып қадірлі де қасиетті, атадан балаға мұра болып келе жатқан бұйымның бірі -бесік. Сондықтан біз қазіргі көп құрдастарымыз бен замандастарымыздың кейбіреулері бесікті жете білмейді. Бесіктің қадірін білмей, оны ескіліктің қалдығы деп үрке қарау барып тұрған білімсіздік пен мәдениетсіздік деуге болады. Өйткені оны зиянды деп жүрген педиаторлардың көпшілігінің бесік және оның неден құрылымы туралы бейхабар. Олардың тілге тиек ететіні "бесікке бөленген бала үнемі аяқ-қолы таңулы жататындықтан аз қимылдайды, соның салдарынан олар нәзік және аурушаң болып өседі..." дейді. Ал шындығына келетін болсақ бесік деген баланың денсаулығына тәлім-тәрбиесіне, ми қыртыстарының қызметі жақсаруы мен жас нәрестенің салмақты да ұстамды болып өсуіне, әрі гигиеналық жағынан да өте көп пайдасы бар. Киелі деп есептеген бесікті қазақ саудаласпай, керек десеңіз сатпай, алушы не берсе, соны риясыз көңілмен айырбастап ала берген. Бесік ұрпақтан ұрпаққа қалатын мұра болғандықтан, өз баласының бесігін олар сұраған адамға да ұстата салмаған.

Ұқсас сұрақтар

...