Әр адам өз бойынан сын таба алмайды ғой) Тапсада қандай деңгейде екенін білмейді. Сондықтан оны қасындағы араласатын адамдары біледі деп ойлаймын. Мейіржан дұрыс айтады. Сол тіл байлығын дамытатын бірден бір құрал - кітап. Кейбір адамдар сол кітаптың арқасында сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, нақышына келтіріп айтады. Барлық адам бірден сөзге шебер болып туылмайды. Айтады ғой: "Көре, көре көсем болады, сөйлей, сөйлей шешен болады"- деп. Сондықтан тіл байлығын жақсарту үшін кітап оқу қажет. Айтпақшы менің тіл байлығым қалай?))) :).