+2 дауыс
3.0k көрілді
Кітап оқығанда дауыстап оқыған ба алде іштей оқыған дұрысырақ па?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ше екі жақты да пайдаланып үйренген дұрыс.

Мен мысалы достарымның дауыстап оқығанын ұнататын сияқтымын, себебі олар оқыған кезде бәрін көз алдымнан өткізіп, тез жаттап алуға тырысамын.

Ал өзімнің іштей оқығаным дұрыс, себебі біреудің де құлағы тыныш болады, өзімнің де аузым шаршамайды)

Негізі, өзің бір тақырыпты іштей оқып алып, соны дауыстап оқығаннан бір қайталап алсаң пайдасы бар.
0 дауыс
Кітапты іштен оқыған дұрыс. Басқаларға кедергі болмайсың. Және іштен оқығанда оқу және оқығанды игеру жеңілдейді.
қате пікір.
Амор дело говорит))
+1 дауыс
Дауыстап оқыған жақсы,себебі оқығандарың есте қалады және тілің жаттығады...
+1 дауыс
Әркімнің оқығандағы қабілеті әртүрлі . Біреулер дауыстап оқығанда есте жақсы сақтаса, ал енді базбіреулер кітапты іштей оқығанда жадына жақсы сақтайды. Қасыңда отырған адамға кедергі жасамау мақсатында іштей оқуды әдетке айналдыру абзалырақ.
жаксы жауап, оз басым дауыстап манерлеп окуга каыптасып, сіңісіп калгасын, иштей окыганда тусинбейтин сиякты коринем
+1 дауыс
Ешкімге кедергі жасамас үшін өзің жалғыз басқа бөлмеде дауыстап оқысаң өз дауысыңды өзің естіп, жақсы әрі тез қабылдайсың. Бірақ өзіңе қалай ыңғайлы солай оқы.
0 дауыс
Мен іштен оқимын. Дауыстап оқысам миым ашып кетеді, не оқып жатқанымды өзім білмей қаламын.
0 дауыс
Өз басым іштен оқимын, дауыстап оқысам миыма ештеңе қонбайды.
0 дауыс
Әркімге әрқалай... Мен дауыстап оқысам, не оқығанымды түсінбеймін, сондықтан кітапты іштей оқимын. Ал менің апайым керсінше дауыстап оқымаса түсінбейді.... Сондықтан ол адамның өзіне байланысты...
0 дауыс
Дауысың онша емес болса іштей оқи берш.
0 дауыс
Басқасын білмеймін мен сырттай оқысам тез түсінем
0 дауыс
Маған оқуға 60-70 беттей шығарма берсе іштей де, айқайлап оқысамда миыма кірмейді. Тек біреуге оқып берсем бірден түсініп, жаттап аламын, сосын ешқашан ұмытпаймын. Үй жұмысына оқуға бірдеме берсе мама екеуміз оқимыз=)) Егер тарихтан тақырып берсе айнаға қарап тұрып айқайлап 5-6 рет қайталап оқысам түсінемін=)) Кейде тыныш жерде жалғыз іштей оқитын кездер болады... Қалай оқу әр адамның мінезіне, өзіне байланысты. Ешкім бүйтіп оқы сөйтіп оқы деп бөліп жарып айта алмайды.
...