+3 дауыс
626 көрілді

Күнде күнара тойдан қалмайтын болдым. Әр тойға барғанда жынымның келетіні тауықтың аяғын яғни кәдімгі окарашканы жұмсақ қылып пісірмейді. Күні кешегі тойда дастарханда тұрған тауық аяғын алып пышақ пен шанышқы көмектерімен кесіп жей қояйын деп еді бір кісі, тәрелкеден ұшып шығып, жерге түсті. Содан ұялғанымнан окарашка, гриллдардың түріне қарап, суым ағып қайттым. Мына жақтағы столға айналып қарасам, бір бойжеткен, қолына ұстап алып жұлып-жұлып жеп отыр. Сыртынан ұят көрінді. Жалпы, окарашканы қалай жейді тойда. Бұл бірінші, енді алманы, ғыдырлатып, тіспен жеп отырсам да ұят сияқты, оны жеудің қандай әдебі бар?

Тойға тамақ жеу үшін барамын дейсің ғо...
Белгісіз
Үйден тамақ ішіп шық десей онда))
Несі бар, қолмен жыртып-жыртып алып жей беремін. Ең бастысы, өзіме жеуге ыңғайлы болса болғаны.
Этикеттің барлығы жабайылықтан басталған, бірақ аспаннан түскен жоқ. Уақыт өте келе, адамдар әрекеттерін барынша ыңғайлы ету үшін, этикеттік қағидалар қалыптастыра бастаған. Мен де аспаннан түскен жоқпын, өстіп ақырындап үйреніп кетемін. Көрегенді, шынымен де мәдениеті бар адамдар, білмей істеп отырған адамға мән бермейді де. Тіпті олардың қылығын игнорға тастап қоя салады, бұның мәні: адамның өзіне үйренуіне мүмкіндік беріп, оған өзінің көзқарасымен ыңғайсыз жағдайға қалдырмау болып табылады.
Айналадағы адамдарға қарап жалтақтап, ұялу, ыңғайсыздану дегенді ысырып қойған маған тән дүние, әрине бұл шектен шығу деген сөз емес. Десе де, ыңғайсыз деп, шалбарды аяғыма емес, басыма киюді айтар едім.
Тойға барсаң тойып бар деген бар ғой...
ахахахах))қатырасың сенде!Нағыз жегің кеп бара жатса,өзің сол тауықты сатып алып,үйіңде арнайы печкаға салып пісіріп тойып жеп алшиш)))
Ия, дұрыс айтасың және қалай жегісі келеді солай жейді, ұялатындай ешкім жоқ!

6 жауап

+2 дауыс
Жей бер ұяттың ешнәрсесі жоқ.Мен өзім шанышқымен тамақтанамын.
0 дауыс
оффисанттар жүрсе соларға турап беруін отіңініз .Негізі солар бөлшек бӨлшек қылып турап қою керек қой.
солай өтінгем, алманы бөлектеп тураңыз дөңгелектеп десем, кә біреуін жисің қадғандары қарайып кетед дима бірдеңені айтып турамай кетті.
солай өтінгем, алманы бөлектеп тураңыз дөңгелектеп десем, кә біреуін жисің қалғандары қарайып кетед дима бірдеңені айтып турамай кетті.
0 дауыс
Шанышқымен жеңіз..............
+2 дауыс
Ресторан этикеті бойынша тауық етін, пиццаны қолмен ұстап жейді. Қалған екінші тағамдар вилкамен және пышақпен желінеді.
Керемет жауап.+1
Белгісіз
+2 дауыс
тамақта ұят жоқ жейбер ким недеседе о десін еш нарсеге қарама !
0 дауыс
Ұялма жей бер тек камера қарап тұрмаса болды
...